Қоғам

Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

© Photo : Пресс-служба сената парламента КазахстанаПленарное заседание сената
Пленарное заседание сената  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Біреуі басқа судьялық қызметке ауысады, ал екіншісі зейнет жасына толуына байланысты отставкаға шығуға өтініш берген

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстан парламентінің сенаты президенттің Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату туралы ұсынымын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

4 наурызда сенат депутаттарының қарауына Анатолий Смолинді және Серік Әбнәсіровті Жоғарғы сот судьясының қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді.

Президент жарлығымен Смолин Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ал Әбнәсіров зейнет жасына толуына байланысты отставкаға шығу туралы өтініш берген.

"Құрметті депутаттар, сіздерден Анатолий Смолинді басқа судьялық қызметке ауысуына, сондай-ақ Серік Әбнәсіровті отставкаға шығуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымын қолдауды сұраймыз", - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Депутаттар президенттің ұсынымын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Жоғарғы соттың бұрынғы судьяларына атқарған қызметі үшін алғыс білдірді.

Жаңалықтар
0