Экономика

Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Тараптар "Теңізшевройл" болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселесін талқылады, ол аяқталғаннан кейін ТШО өндіруді 2023 жылы жылына 12 миллион тоннаға дейін арттырады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз — Sputnik. Қазақстан үкімет басшысы Асқар Мамин "Шеврон" (Chevron) компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирнмен мұнай өндіру саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

"Шеврон" — Теңіз (50%), Қарашығанақ (18%) және Каспий құбыр консорциумы (15%) – үш ірі жобада активтері бар Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор. 

"Теңіз" кенішіндегі коронавирус: Тоқаев ТШО басшысымен кездесті

2020 жылы ТШО шикі мұнай өндіру көлемі 26,5 миллион тоннаны құрады. Мемлекетке тікелей қаржылық төлемдер $6,6 миллиардты құрады, $3,5 миллиард астам сомаға қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтері сатып алынды.

ТШО газы Атырау облысында полипропилен (қуаты жылына 500 мың тонна) және полиэтилен (жылына 1,25 миллион тонна) өндірісі бойынша екі ірі газ-химия жобасы үшін шикізат болып табылады.

Тараптар "Теңізшевройл" (ТШО) болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселесін талқылады, оның аяқталуы бойынша ТШО өндіруді 2023 жылы жылына 12 миллион тоннаға дейін арттырады, бұл жиынтығында жылына шамамен 39 миллион тоннаны құрайды.

Кездесуге энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қатысты.

Жаңалықтар
0