Өңірлер

Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуҚар басып қалған бала арбасы
Қар басып қалған бала арбасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2021
Жазылу
Жаңа босанған әйел мен нәрестенің жағдайы жақсы. Дәрігерлер оныншы рет бала босану үшйін әйел адамның денсаулығында мін болмауы керек екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Шымкенттің перинаталдық орталығында 41 жастағы әйел оныншы перзентін дүниеге алып келді.

Айжан есімді жергілікті тұрғын 25 ақпан күні дені сау бала босанды, деп жазды жергілікті Otyrar.kz басылымы. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Көпбалалы анаға перзентхана қызметкерлері естелік сыйлық табыс етті.

"Бұл келіншектің он балаға өмір сыйлағаны үшін қуаныштымыз. Он бала туу үшін оның денсаулығында ешқандай кінәрат болмауы керек. Көпбалалы аналар біз үшін нағыз батыр", – дейді перинаталдық орталық мамандары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 4 892 бала дүниеге келді. Жылдың алғашқы екі айында дүние есігін ашқан сәбилер арасында ұл балалар басым.

Оқи отырыңыз: Өскеменде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады

Жаңалықтар
0