Қоғам

Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

© Sputnik / Владислав ВодневТеледидар пульті
Теледидар пульті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Компания жоспарлы-профилактикалық жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. "Қазтелерадио" АҚ қазақстандықтарға телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшірілетінін ескертті.

"2021 жылдың 10 наурызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Компанияның ақпаратынша, Қазтелерадио тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

"Қазтелерадио" АҚ – Қазақстандағы теле және радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор.

Жаңалықтар
0