Видео

Көктем символы: Алматы облысының тұрғыны жылыжайда қызғалдақ өсіреді – видео

Жазылу
Кәсіпкер Олжас Серікұлы үш жылдан бері жылыжайда қызғалдақ өсіреді. Қызғалдақтың пиязшығы Голландиядан жеткізіледі. Ол желтоқсан-ақпан аралығында ерекше күтіммен өседі. Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан көріңіз

Алматы облысы Талғар ауданы Түзусай ауылында тұратын отбасы бастапқыда көкөніс кәсібімен айналысқан. Уақыт өте келе жылына бір рет қызғалдақ егуді қолға алған.

Олжас мұның да отбасылық кәсіп екенін айтты. Себебі ата-анасы жылыжай жұмыстарына қолғабыс етеді. Жылыжай жұмыстарына бір адам керек, себебі қызғалдақтар күтімді, көңіл бөлгенді, бірқалыпты температураны жақсы көреді. Қызғалдақ үшін қалыпты температура – 15 градус, ал -2 градустан төмендесе, солып қалады.

Үй ауласындағы жылыжай аумағы – 300 шаршы метр. Оның 280 шаршы метрі пайдаға жарамды. 2020 жылы кәсіпкер 30 мың түп қызғалдақ отырғызған. Пандемияға байланысты биыл 16 мың түп отырғызды.
Ал жылыжай ішіне жалпы 40 мың түп қызғалдақ егуге болады.

"Карантинге жабылу, блок бекет қою қаупі болғандықтан шығын болмас үшін 16 мың түп отырғыздық. Дәл қазір жылыжайдың ішінде қызғалдақтың 17-ден астам түрі бар. Әрбір сұрып сабағының қалыңдығы, бойының ұзындығы, түсі, реңкінің әртүрлі болуымен көзге түседі. Ашылып келе жатқан кезде қызғылт болғанымен, бірнеше күннен кейін қоюлана түсетіндері бар", - дейді Олжас Серікұлы.

Айтуынша, былтыр ауа райының қолайсыз болуына байланысты шығынға ұшыраған. Алайда кәсіпкер болған соң осы кәсіпті бастаған кездегі мақсатын ұмытпай, биыл да тоқтатпаған.

Олжас Қазақстанда да селекциялық жолмен гүлдің жаңа түрін өсіргісі келеді. Айтуынша, қызғалдақтың жаңа түрін ойлап табу барысында ол адамның мінезі, таланты, қабілеті ескеріледі. Қазақстанда Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин секілді азаматтарға арналған қызғалдақ сұрпын өндіргісі келеді.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0