Саясат

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері бірлескен мәлімдеме жасады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезиденты Казахстана и Кыргызстана сделали совместное заявление
Президенты Казахстана и Кыргызстана сделали совместное заявление - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Екі ел президенттері жоғары деңгейдегі сенімді әрі конструктивті байланысты одан әрі дамытуды қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды.  

Ел көшбасшылары теңдік, өзара сенім, сыйластық және бір-бірінің мүдделерін ескеру негізінде достық, стратегиялық әріптестік және одақтастықтың қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын кешенді нығайту жолындағы бағдарының мызғымастығын растайтындарын мәлімдеді.

"Пандемияның жалғасуы жағдайында коронавирус инфекциясына қарсы бірлескен іс-қимылды жандандыру маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыдан қырғыз тарапы Қазақстан Республикасының жәрдемі мен көмек көрсетуге әзірлігі, соның ішінде, гуманитарлық сипаттағы қолдауы үшін ризашылық білдірді", - деп жазылған бірлескен мәлімдемеде.

Қырғызстан ЕАЭО-дағы Қазақстан Республикасы төрағалығының басымдықтарына қолдау білдірді.

Президенттер еуразиялық экономикалық интеграция, соның ішінде, тосқауылсыз, алып тастаулар мен шектеулерсіз, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал және ортақ еңбек нарықтарының әлеуетін толықтай ашып көрсетуге бағытталған шараларды әзірлеуде санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша өзара ықпалдастықты нығайту, өнеркәсіптік кешендердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және басқа да бағыттарда ортақ әдістемелерді қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.

Тараптар шекара маңы ынтымақтастығының әлеуетін ашып көрсету мақсатында Бірінші Өңіраралық қазақ-қырғыз форумын өткізуге мүдделі екенін растады.

"Ортақ экономикалық кеңістік жағдайында тауарлардың Қазақстан мен Қырғызстан аумақтары арқылы бөгетсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында логистикалық орталық құруды тездету  бойынша үкіметтерге тиісті тапсырма берілді", - деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев пен Жапаров 2021 жылы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуін Қырғыз Республикасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғаннан кейін өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМЫК, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде сындарлы диалогты жалғастыру қажеттілігі туралы ортақ пікір білдірді.

Оқи отырыңыз: Ақордада өткен кездесуде қырғыз президенті Тоқаевты таңғалдырды 

Олар Орталық Азия мемлекеттері экономикаларының неғұрлым тұрақты дамуына ықпал ететін, 2021 жылы Қырғыз Республикасында өткізілуі жоспарланған Еуропалық Одақ – Орталық Азия бірінші экономикалық форумның елеулігін атап көрсетті.

Сондай-ақ, мемлекет көшбасшылары жуық арада Абай Құнанбаевтың Бішкекте, сондай-ақ, Манас пен Шыңғыс Айтматовтың Нұр-Сұлтанда ескерткіштерін орнату туралы уағдаластықтардың ерекше мәнге ие екенін айрықша атап өтті.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2021 жылдың 2-3 наурызында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келді.

Жаңалықтар
0