Қоғам

Оқушылар аралас форматқа көшті: министрлік мектеп формасы мәселесін түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевШкольная форма в Казахстане
Школьная форма в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бүгінде елдегі оқушылардың 47 проценті штаттық режимде оқыса, 53 проценті әлі де қашықтан білім алып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларының аралас оқыту форматына көшуіне байланысты мектеп формасы мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-министр Шолпан Қаринованың айтуынша, оқу жылының басында қабылданған бұйрық өзгерген жоқ. Құжаттың күші аралас оқыту форматында сақтала береді.

"Ата-аналарды мазалап жатқан тағы бір үлкен мәселе – мектеп формасы. Осы оқу жылының басында тиісті бұйрық шығарылып, толық оқу жылында мектеп формасын сақтамау бойынша ұстаным қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты тағы қайталап айтамыз, мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне лайықты, таза, ұқыпты киіммен мектептегі сабақтарға қатыса алады", - деді Қаринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушылары аралас форматқа ауыстырылды. Бұған дейін олар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылған болатын. Ал халықаралық мектептерде 1-7 сынып оқушылары аралас режимде білім алады. 300-ге дейін оқушысы бар мектептер штаттық режимде жұмыс істей береді.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша оқушылардың 47 проценті штаттық режимде оқыса, 53 проценті әлі де қашықтан білім алып жатыр.

Жаңалықтар
0