НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. WhatsApp мессенджерінде Қытай азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат етілетіні жайлы хабарлама таралып жатыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытай азаматтары үшін визалық режимнің өзгеретіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды stopfake.kz.
Ведомство Қазақстанның Қытайдағы мекемелері ҚХР азаматтары үшін визаларды Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға келуіне шақыруды ресімдеу, шақыруды келісу, Қазақстан визасын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту қағидаларына сәйкес рәсімдейтінін атап өтті.
"Бұған қоса, Қазақстан үкіметінің шешімімен 2020 жылдың наурыз айынан бастап Қытай азаматтарына виза коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша беріледі", - деп түсіндірді сыртқы істер министрлігі.
Айта кетсек, желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жолдау арқылы тексеруге болады.