Өңірлер

Павлодарда лауазымды тұлға ұсталды – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Филиал басшысын Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұстады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Павлодарда "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының басшысы ұсталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, филиал басшысы жұмыс барысында көрсеткен қамқорлығы үшін қоластындағылардан жүйелі түрде сыйақы алған деген күдікке ілінді.

Филиал басшысын Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ұстады.

"ОЛ өзінің орынбасарымен бірге төрт жыл бойы қоластындағы 100-ден астам адамнан ай сайын 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін ақша алғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") жарияланбайды.

Жаңалықтар
0