Мусин "Роскосмос" басшысымен кездесті

© Sputnik / Roscosmos / Медиабанкке өтуЗапуск РН "Союз-2-1а" с кораблем "Союз МС-17" с космодрома Байконур
Запуск РН Союз-2-1а с кораблем Союз МС-17 с космодрома Байконур  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Тараптар жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде жерді қашықтықтан зондтау технологиялары бойынша ынтымақтастық байланыстарын дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресейдің жерді қашықтан зондтау жерсеріктері топтамаларын әзірлеу жөніндегі бірлескен жоспарлар, сондай-ақ, жедел мәлімет алмасу бойынша сервистерді біріктіру жайы сөз болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады 

Бұдан бөлек, тараптар қазақстандық және ресейлік жерсеріктер өндірушілерінің өнеркәсіптік кооперациясы дамыту, соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешенінің жұмысын арттыру мәселелері талқыға салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін одан әрі жан-жақты пысықтауға келісті.

Жаңалықтар
0