НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Мұрат Теміржанов ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Қазақстан ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Мұрат Баритұлы Теміржанов ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мұрат Теміржановтың өмірбаяны
Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында салық комитетінің салық инспекторы болып бастады.
2001 жылы Зеренді ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарды. Әртүрлі жылдары жекеменшік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.
2013-2014 жылдары Президент әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының консультанты міндетін атқарушы, консультанты болды.
2016-2021 жылдары – VI шақырылымындағы парламент мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі.
Биыл қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.