Аңдатпа

Қазақстанда 3 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневМонумент "Астана Байтерек", зима
Монумент Астана Байтерек, зима - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 3 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

3 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 – Пандемия кезінде ауылдағы әйелдерді жұмыспен қамту проблемасы және әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар туралы онлайн-брифинг. Спикерлер: Ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина, "Әлеуметтік динамика" қоғамдық қорының директоры Елена Ожго, "Жасыл экономика" мен G-Global даму коалициясы" ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов. Онлайн-брифинг Sputnik Қазақстан халықаралық мультимедиялық баспасөз орталығында өтеді. Журналистер спикерлерге қоятын сауалдарын a.nurgazinova@sputniknews.com поштасына немесе +7 747 2207401 (WhatsApp) нөміріне жолдай алады.

НҰР-СҰЛТАН 

10:00 - мәжілістің жалпы отырысы. Отырыс www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі. Байланыс телефондары: 74-63-01, 74-63-02.

14.00 – "Әлихан Бөкейхан – қазақ жері мен елінің біртұтастығының символы" халықаралық онлайн-конференция. Іс-шара ұлт-азаттық қозғалыс пен "Алаш" партиясының көшбасшысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-энциклопедист Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған. Конференцияны ұйымдастырушылар: Еуразия ұлттық университетінің "Алаш" мәдени және рухани даму институты және Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты. Конференцияға отандық алаштанушылар, Түркия, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанның тарихшы ғалымдары қатысады.

АЛМАТЫ

18.30 – "Мұғалім" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Екеуміз" қойылымының тұсаукесері (Әуезов атындағы драма театры, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Макбет" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

19.00 – "Примадонны" спектаклі (Н.Сац атындағы театр, Шаляпин көшесі, 22).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0