Қоғам

Министр Ильин: 276 елді мекенді су басу қаупі бар

© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКЮрий Ильин
Юрий Ильин - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Су басу қаупі жоғары өңірлерге Ақмола облысы, Қарағанды облысының кейбір аудандары, Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су басу қаупі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қар мен ылғал қоры жиналып жатыр. Ал жауын-шашынның көлемі жағынан төтенше жағдайдың туындау қаупі жоғары өңірлерге Ақмола облысы, Қарағанды облысының кейбір аудандары, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстары кіреді. Ол жерде жиналған қардың қоры 50 процентке көп болып тұр", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, жердің қатуы да су тасқынына себеп болады. Жылдам еріген қар жерге сіңіп үлгермейді де, жан-жаққа жайылады. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, Ақмола облысының Шағалалы өзені бойында қардың көлемі нормадан 54 процентке артық. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені мен Ақтөбе облысындағы Елек өзені бассейінінде қар көп жиналған. 

"Жалпы республика бойынша 276 елді мекенді су басу қаупі бар. Ол жерде 270 мың адам тұрады", - деп атап көрсетті Ильин.

Министрдің айтуынша, бүгінде 2023 жылға дейінгі Жол картасы бекітілді. Оған 160 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарланған. Соның арқасында республикада елді мекендерді су басу қаупін барынша азайту қарастырылған.

Жаңалықтар
0