Өңірлер

Талғарда соққыға жығылған дәрігер әлі бір апта емделеді

CC0 / / В больничной палате
В больничной палате - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Медицина қызметкерінің жағдайы орташа ауыр. Ол стационарлық емнен бөлек 3-5 апта бойы оңалтудан өтуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз — Sputnik. Талғарда қызметтік міндетін атқару кезінде хирургты соққыға жығып, балағаттаған. Бұл жөнінде Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оқиға 28 ақпан күні Талғар аудандық ауруханасына аппендицит диагнозымен науқас әйелді жеткізу кезінде болған. Науқастың ұлы дәрігермен сөзге келіп, соққыға жыққан. Оқиға салдарынан зардап шеккен дәрігер жабық бассүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуымен травматология бөлімшесіне жеткізілді. Осы факті бойынша шақыру алған полиция қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр. Оқиға құқық қорғау органдарының бақылауында тұр.

Видео желіде жарияланып, қызу талқыланды.

"Емдеуші дәрігердің айтуына қарағанда, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр. Ол 5-7 күн стационарлық ем қабылдайды", - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Өз кезегінде, облыстық полиция сот-медициналық сараптама тағайындалғаны туралы хабарлады.

"Іс бақылауда, оқиғаға қатысы бар азаматтар анықталды. Соңғы процестік шешім сараптама нәтижесі бойынша қабылданады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Медицина қызметкерлері өз әріптестерінің оңалу уақыты оның жағдайына қарай үш аптадан бес аптаға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

Жаңалықтар
0