Өңірлер

Қызылордадағы қайғылы оқиға: Текебаевтарға жаңа баспана сыйлады

© Photo : Пресс-служба акима Кызылординской области Жаңа қоныс
Жаңа қоныс - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Демеушілердің көмегімен Текебаевтар отбасы қаланың жаңа ауданындағы алты бөлмелі жаңа үйге қоныс аударды

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Өрт кезінде ең кенже қызы мен үйінің барлық мүлкінен айырылған Текебаевтар отбасы Қызылорданың "Арай" ықшам ауданындағы кең үйге көшті.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 18 ақпанында Қызылордада "Әл-Фараби" ықшам ауданындағы шағын үйде өрт шықты. Бұл баспананы бес балалы отбасы жалдап тұрған. Өрт кезінде үйде бес бала мен олардың анасы болған. Әйел төрт баланы құтқарғанымен, үйдің кенжесі – Ардақ оқиға салдарынан көз жұмды.

"Балалардың анасы, 1993 жылы туған Дамира есімді келіншек көмірқышқыл газымен уланып, алақандарын күйік шалған. Ол қалалық ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты ", – деп хабарлады Қызылорда облысының әкімдігі.

Дамираның төрт қызы да балалар ауруханасында бірнеше күн ем қабылдады. Өйткені, олар өрт кезінде улы газбен тыныстап үлгерген. Дәрігерлердің көмегімен олардың жағдайы тұрақталды.

"Сондай-ақ, қайырымдылық қорларының қолдауымен жиналған қаражатқа өрттен зардап шеккен Текебаевтар отбасы үшін жаңа алты бөлмелі үй сатып алынды. Жаңа баспана "Арай" ықшам ауданында орналасқан", – деді әкімдіктегілер.

Текебаевтар отбасының жаңа баспанасымен танысуға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова келді. Ол балаларға сыйлық ала келіп, отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдірді. 

© Photo : Пресс-служба акима Кызылординской области Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова балаларға сыйлық ала келіп, отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдірді.
Қызылордадағы қайғылы оқиға: Текебаевтарға жаңа баспана сыйлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова балаларға сыйлық ала келіп, отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдірді.

"Көз жазып қалған баланың орнын ештеңемен толтыра алмаймыз. Бұл бүкіл қызылордалықтар үшін қайғыға айналды. Барлық бала аман болсын деп тілеймін. Көз жұмған сәбидің жаны тыныштық тапсын!", – деді Әбдіқалықова.

Оқи отырыңыз: 20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды

Әкімдік пен өңірдегі кәсіпкерлердің қолдау көрсетуімен Текебаевтарға бір айға жететіндей азық-түлік жеткізілді. Отбасындағы балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар да берілді.

Жаңалықтар
0