Қазақстан премьері мен "Роскосмос" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешенін құру жайын талқылады

© Sputnik / Наталья ДенисоваҒарыш айлағы
Ғарыш айлағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Жаңа зымыран кешенінен экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ғарыш аппараттарын ұшыру жоспарлануда

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады", – делінген хабарламада.

Кездесуде "Бәйтерек" бірлескен ғарыштық зымыран кешенін ("Назарбаев старты") құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты.

Оқи отырыңыз: Жердің ең әдемі бейнесі: Халықаралық ғарыш станциясында таң қалай атады – фото

Айта кетейік, 2020 жылдың қазан айында Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы шартқа қол қойған болатын.

"Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешені экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары ресейлік "Союз-5" зымыран тасымалдағышы және оның түрлі модификацияларымен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған.

Жаңалықтар
0