Оқиға

Нұр-Сұлтанда шетелдіктің заңға қайшы әрекеті видеоға түсті

© Sputnik / Абзал КалиевПатрульный полицейский говорит по рации во время дежурства
Патрульный полицейский говорит по рации во время дежурства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Оқиға орнына барған полицейлер рөлде отырған ер адамның мас екенін анықтады. Жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық қорғаушылар оны медициналық тексеріске апарды

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Өзбекстан азаматы мас күйінде көлік ұрлап кеткен. Бірақ рөлге ие бола алмай, темір тосқауылға соғылды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, таңғы сағат 8:00-де Қошқарбаев көшесіндегі сауда үйіне қарсы жағында "Mercedes Benz" көлігі темір тосқауылға соғылды. Соның салдарынан қоршауға да, көлікке де айтарлықтай зақым келген.

Оқиға орнына барған полицейлер рөлде отырған ер адамның мас екенін анықтады. Жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық қорғаушылар оны медициналық тексеріске апарды. Сол кезде орташа деңгейде мас болғаны анықталды.

Ал соғылған көліктің иесі мүлдем басқа адам болып шықты. Өзбекстан азаматы оны тұрғын үй ауласынан айдап әкеткен. Содан көп ұзамай, темір тосқауылға соғылды.

"Өзбекстан азаматына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 3-бөлігі ("көлікті мас күйде басқару, өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Ол 20 күнге қамауға алынды. Ал көлікті айдап әкету бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полицейлер.

Осы орайда елорданың полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтау керектігін ескертеді. Мас күйде рөлге отырмау қажет.

Жаңалықтар
0