Оқиға

Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті – видео

© Photo : Управление здравоохранения АлматыЖер астына түсіп кеткен жүк көлігі
Жер астына түсіп кеткен жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат салдарынан оқиға орнына жақын жерде тұрған кәсіпорын қызметкері зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Алматыда жүк көлігі тегіс жерде пайда болған ауқымды шұңқырға түсіп кетті. Кейбір мәліметтер бойынша, төтенше жағдай Қажымұқан көшесінде болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға орнына Медеу аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы аттанды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Содан кейін ғана оған құқықтық баға берілетін болады", – деді полиция өкілдері.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы апат салдарынан оқиға орнына жақын жерде тұрған кәсіпорын қызметкері зардап шеккенін хабарлады.

"Жәбірленушінің "миы шайқалып, кеуде қуысы зақымдану" диагнозымен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оның жағдайы орташа ауыр", – делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото

Айта кетейік, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына аттанған.

Жаңалықтар
0