Оқиға

Алматыда тергеу изоляторынан қашқан сотталушы ұсталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуСотталушы
Сотталушы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Алматы қаласындағы тергеу изоляторынан қашып кеткен Дамир Давутов екі аптадан кейін Ақтөбеде ұсталды

АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Полицейлер 15 ақпанда Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен Дамир Давутовты ұстады. Бұл туралы Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мен Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының ЛА-155/15 мекемесінен қашып кеткен сотталушы Дамир Давутовты ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын сәтті аяқтады. Азамат 28 ақпанда Ақтөбеде ұсталды", – делінген хабарламада.

Алматы полициясы қылмыстық кодекстің 426-бабы "бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сонымен қатар ҚАЖ комитеті жүргізген қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша бірнеше қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дамир Давутов туралы не белгілі

Сотталған Дамир Давутов 15 ақпанда ЛА-155/18 мекемесінен қашып кетті. Ол ірі көлемдегі ұрлық пен алаяқтық әрекеті үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ер адам үкім шыққан соң Алматы қаласы сотына апелляциялық шағым бергендіктен тергеу изоляторында болған.

Оқи отырыңыз: Денис Теннің өлімі: сотталушы Жанар Толыбаева ұл туды

Айта кетейік, Давутов осы кезге дейін сегіз рет сотталған. Ол 10 жыл бұрын да қашуға ұмтылып, қайта ұсталған.

Жаңалықтар
0