Өңірлер

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПалаты для лечения больных коронавирусом
Палаты для лечения больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Ескерткіш Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы алеяда ашылады. Ол жерге 20 қарағай көшеті отырғызылды

АЛМАТЫ, 1 наурыз – Sputnik. Алматыда коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне арналған ескерткіш қойылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ескерткіш қойылатын жерге тас орнату шарасына қатысты. Қала әкімі Instagram парақшасында ескерткіштің барлық медицина қызметкеріне көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

"Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен бірге дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш коронавирус пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ, олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды", - деп жазды қала әкімі.

Ескерткіш Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы алеяда ашылады. Ол жерге 20 қарағай көшеті отырғызылды.

Салтанатты рәсімде ескерткіштің орнатылуына Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, ақын Ақберен Елгезек, №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігері Жадыра Шерияздан қолдау білдірді.

Жаңалықтар
0