Оқиға

Күйеуін соққыға жыққан бұзақыларға тойтарыс берді - Ақсудағы төбелестің мән-жайы

© Sputnik / Абзал КалиевЖұдырық, иллюстративті фото
Жұдырық, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2021
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелі және екі баласымен үйіне қайтып келе жатқан ер адамды екі жігіттің жабылып соққыға жыққан видеосы тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласында ер адамға жасалған бұзақылық әрекет бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Аталған факті Ақсу қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. 28 ақпан күні шамамен 01.00-де Доспанов көшесіндегі тұрғын үй ауласында ер адам мен екі жас жігіт сөзге келіп қалып, оның соңы төбелеске ұласқан", – делінген тәртіп сақшыларының баспасөз хабарламасында.

Қазіргі кезде екі жігітке қатысты бұзақылық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 2-бөлігі 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар белгіленді.

Аталған бап бойынша кінәлі адамға 5 000 АЕК (14 585 000 теңге) дейінгі айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстарына тартылады. Болмаса бір мың екі жүз сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартылып, бес жылға дейін бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелі және екі баласымен үйіне қайтып келе жатқан ер адамды екі жігіттің жабылып соққыға жыққан видеосы тараған. 

Жерде жатқан адамды екі жігіт ұрып, тепкілеп, соққының астына алады. Ал әйел күйеуін бұзақылардан батыл қорғап, оларға тойтарыс береді.

Жаңалықтар
0