НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 13 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 483 науқас стационарда, 15 797 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
249 науқастың жағдайы ауыр, 52 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылса, 58 адам пневмонияға шалдыққан.
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 2 756 адам, пневмониядан (тамыз айынан) 622 науқас қайтыс болды.