Өңірлер

Павлодар облысында әйел күйеуін бұзақылардан құтқарып қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековКулак, иллюстративное фото
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2021
Жазылу
Төбелеске қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Павлодар облысында екі жігіттің ер адамды жабылып ұрып жатқаны жайлы видео жарияланды.

Ролик авторының айтуынша, оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні Ақсу қаласында болған. Ер адам жергілікті мектептің жанынан отбасымен – әйелі және екі баласымен бірге өтіп бара жатқанда оны белгісіз біреулер соққыға жыққан.  

Видеодан жеңіл киінген екі жігіт жерде жатқан адамды ұрып жатқанын көруге болады. Әйел ер адамға араша түсіп, бұзақыларға қарсылық көрсетеді. Қаскүнемдер әйелден мұндай батылдықты күтпесе керек, жерде жатқан ер адамды тепкілеуін доғарады.

Қалалық полицияның мәліметінше, бұл факт Ақсу полиция бөлімінде тіркелген.

"Төбелеске қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық баға беріледі", - дейді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.  

Жаңалықтар
0