Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әйгілі Ниагара сарқырамасы мұзға айналды – фото

Жазылу
Табиғаттың таңғажайып "туындысы" саналатын әйгілі Ниагара сарқырамасы мұз құрсауында қалды. Сирек болатын бұл таңғажайып құбылысты көруге туристер ағылуда

Ақпан айындағы қалыптан тыс төмен температура мен күшті қарлы боран Ниагара сарқырамасын жып-жылтыр айсбергке айналдырды.

Американың кейбір штаттарында ауа температурасы минус 20-30°C-ге дейін, кей жерлерде тіпті минус 40°C-ге дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда сарқырама қатып қалды 

Туристер сирек болатын бұл құбылысты көзбен көруге құмартып, Нью-Йоркке қарай ағылуда.

Күн шыққан кезде сарқыраманың етек жағында кемпірқосақ пайда болады.

Соңғы рет Ниагара сарқырамасы 2019 жылы ішінара мұз боп қатса, 1848 жылы толық мұзға айналған болатын. Ол кезде сарқырама тоқтап қалып, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды.

© REUTERS / Lindsay DeDarioНиагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
Лед у водопада Хорсшу в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
1/10
Ниагараның сарқыраған суы фантастикалық мұз мүсіндерге айналды.
© REUTERS / Lindsay DeDarioМұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
Люди на замерзших улицах города Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
2/10
Мұзға айналған Ниагара сарқырамасына туристер үлкен қызығушылық танытып жатыр.
© REUTERS / Lindsay DeDarioСарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
Ледянная аллея в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
3/10
Сарқырама биігіндегі айналаны шолу орындарын да мұз басып қалған.
© REUTERS / Lindsay DeDarioНиагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды "құймақтар" қалқып жүр
Льдины у подножия водопад Американ в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
4/10
Ниагара сарқырамасының етегіндегі су бетінде мұзды "құймақтар" қалқып жүр
© REUTERS / Lindsay DeDarioТуристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
Радуга над водопадами Американ в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
5/10
Туристер сарқыраманың үстіңгі жағында пайда болған кемпірқосаққа сүйсіне қарап тұр.
© REUTERS / Lindsay DeDarioКатерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
Лед у водопад Американ в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
6/10
Катерлердің біріндегі палубада қажетті жабдықтар қалың мұз астында қалып қойған.
© REUTERS / Lindsay DeDarioӘдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
Дети на ледовом и снежном холме в парке города Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
7/10
Әдетте су басып жататын аймақтың қарлы және мұзды қалашыққа айналғанына балалар дән риза.
© REUTERS / Lindsay DeDarioНиагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
Покрытые льдом деревья в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
8/10
Ниагара сарқырамасының жанындағы ағаштардың бұтасын мұз басып, олар сыңғырлаған дыбыс шығаруда.
© REUTERS / Lindsay DeDarioАдамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
Посетители парка в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
9/10
Адамдар Нью-Йорктегі Ниагара-Фолс қаласындағы сарқырама жанындағы саябақта серуендеп жүр.
© REUTERS / Lindsay DeDarioСарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.
Окруженные льдом водопады Американ в городе Ниагара-Фолс в штате Нью-Йорк  - Sputnik Қазақстан
10/10
Сарқыраманың мұзға айналмаған бөлігінде бу көтеріліп, ол мұзды кемпірқосаққа айналды.
Жаңалықтар
0