Саясат

Қырғызстан президенті Нұр-Сұлтанға келеді: Тоқаев пен Жапаров не талқылайды

© Sputnik / Болат ШайхиновФлаги Казахстана и Кыргызстана
Флаги Казахстана и Кыргызстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2021
Жазылу
Қазақстан Қырғызстаның жаңа президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен келетін екінші ел болмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.

"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.

Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.

Жаңалықтар
0