Ал АҚШ-та бір ғана Навальный емес, сондай-ақ, Ресейді айыптап отырған америкалық ведомстволар мен компанияларға хакерлік шабуылдар (SolarWinds деп аталады) үшін "санкциялар мен басқа да шаралардың" тұтастай пакетін дайындау аяқталып жатыр, деп жазады РИА Новости.
Мұның барлығы о бастан белгілі еді. Себебі, Ресейге қарсы санкциялардың қысым көрсету құралына айналғанына бақандай жеті жыл болды. Бұған ет үйренетін уақыт жетті. Әйтсе де, батыстық "серіктестердің" өз шешімдерін қандай себеп және негіздермен байланыстыратыны әркез қызық. Сәрсенбі күні Федералдық қауіпсіздік қызметінің алқа жиынында сөз сөйлеген РФ президенті Владимир Путин дәл осы мақсаттар туралы еске салды.
Путин атап өткендей, ол үшін бірқатар елдердің мемлекеттік қызметкерлерінің ашық мәлімдемелері және бұқаралық стратегиялық құжаттармен танысу жеткілікті. Осы орайда РФ көшбасшысы "Ресей мен тәуелсіз кейбір мемлекеттерге қатысты дұшпандық көзқарастарын жасыруға да тырыспайтынын" айтты.
Ресейді ұстап тұруға бағытталған барлық әдіс жақсы таныс. Путин оларды тізбектеп атап шықты:
"Бізді экономикалық және басқа да санкциялар арқылы құрсаулауға, біз ғана емес, біздің серіктестеріміз де қызығушылық танытып отырған халықаралық ірі жобаларды бұғаттауға, еліміздегі қоғамдық және саяси өмірге, демократиялық процестерге тікелей аралсуға тырысып жатыр. Олар арнайы қызметтердің арсеналындағы құралдарды да белсене қолданып келеді".
Ресей тарихында мұның барлығы бірнеше рет болған. Сол себепті, Путин Ресейге қатысты мұндай әрекеттердің келешегі жоқ екенін айтты. Оның үстіне, Ресей ешқашан өзін агрессор ретінде көрсеткен емес. Ол тек ел тәуелсіздігін құрметтемейтін мемлекеттер мен ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне байланысты қорғануға мәжбүр мемлекет ретінде танытып келеді.
Сонымен қатар, Ресей Федерациясы өзара сенім мен құрметке негізделген ашық диалогқа, қарым-қатынасты дамытуға әркез дайын екенін жар салып жариялап келеді. Бірақ, қандай жауап алып отыр?
Яғни, ішінара Еуропа және бүтіндей Батыс Ресейді текетірес іздеп, қарым-қатынасты дамытқысы келмейтін ел ретінде көріп отыр. Сол себепті, Еуроодақ Мәскеумен қарым-қатынасты тойтарыс беру, ұстап тұру және ынтымақтастық сынды үш принцип бойынша қарастыратын болып шешті. Боррель оларды былай сипаттады: Мәскеу халықаралық құқық пен адам құқығын бұзса, тойтарыс береміз, Ресей Еуроодаққа қысым көрсетуді арттырса, оны ұстап тұруғымызға тура келеді және Еуроодақ мүдделі бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатамыз. Еуропалық дипломатияның ең қажетті құралдар жиынтығы ма дерсің.
Еуроодақ "халықаралық құқық пен адам құқығын бұзу" тобына кез-келген оқиғаны жатқыза салуы оңай. Мәселен, Ресейге еш қатысы жоқ жаһандық жағдайларда да батыстағылар Ресейдің "саусақ іздерін" іздеуге және барлығына орыстарды кінәлі етуді әдетке айналдырған. Яғни, бұл ЕО Ресеймен қарым-қатынасты реттеудің біржақты құқығына ие болып, өз қалауынша марапаттау және жазалау құқығын қолданғысы келеді.
Бірақ, іс жүзінде барлығы керісінше. Себебі, Ресей емес, ЕО өзін дұшпан ретінде танытып отырған көрші. Ресейге қысым көрсетіп, елдің ішкі мәселелеріне араласуды доғарар емес.
Ресей қалай болғанда да Еуропамен қарым-қатынасты өзі қалаған талаптар бойынша қайта реттейтін болады. Еуроодақ мұны неғұрлым ертерек түсінсе, соғұрлым дұрыс болар еді.