Қоғам

"Біртүрлі қарайды": Қырғызстан президентінен аумай қалған жігіт қазақ болып шықты

© Sputnik / Жоомарт УраимовАскар Байдилда
Аскар Байдилда - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Қазақстандық Асқар Байділдә көрші Қырғызстанда танымал болып шыға келді, оның бет-әлпетінің президентке ұқсастығы жұртты таңғалдыруда

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қырғызстанда желі қолданушылары президент Садыр Жапаровтан аумай қалған қазақ жігітінің фотосын қызу талқылап жатыр. Асқар Байділдә Бішкек қаласында жұмыс істейді. Sputnik Қырғызстанға сұқбат берген Асқар қалай танымал болғанын айтып берді.

Тараз қаласының тумасы Асқардың жасы 28-де. Иса Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясында біліп алған.

"Мен 2013 жылы келіп, оқуға түстім. Бұрын Қырғызстанда болмағанмын. Содан бас кезінде қиындау болды. Артынан жақсы адамдармен танысып, үйреніп кеттім", - дейді Байділдә.

© Sputnik / Жоомарт УраимовАсқар Байділдә
Біртүрлі қарайды: Қырғызстан президентінен аумай қалған жігіт қазақ болып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Асқар Байділдә

Асқар медициналық университетте алты жыл оқыды. Одан кейін елге барып, іс-тәжірибеден өткен. Ортопедиялық орталықта жұмыс істейді. Сосын қайтадан Бішкекке оралып, емдік массаж жасаумен айналысады.

"Негізгі мамандығым - невропатолог. Бірақ ортопедиялық орталықта массажға үйрендім. Маған осы кәсіп ұнайды. Сосын Бішкекте ондай орталықтар аз екен. Болашақта жеке өз орталығымды ашқым келеді", - дейді Байділдә.

Асқар медициналық академияда оқып жүргенде қырғызстандық бір саясаткерге ұқсайтынын талай рет естіген. Алайда саясатқа үңілмегесін адамдардың айтқанына көп мән бермеген. Ал Қырғызстанның жаңа президенті сайланғаннан кейін көшеде оған біртүрлі қарай бастайды. Тіпті, "Садыр Жапаровтың туысы емессің бе?" деп сұрайтындар шықты.

"Жаңа президент сайланғаннан кейін көшедегі адамдар маған көп қарай бастады. Мен болсам, үсті-басыма бірдеңе болды ма деп, өзіме қайта-қайта қараймын. Әлі есімде, саябаққа барғанда бір кісі менен көзін алмай, ары-бері өтті. Одан кейін шыдай алмады-ау деймін, жақындап келді де, "Сен Садыр Жапаровтың туысы емессің бе?" деп сұрады. Жоқ дедім. Ол болса, қатты ұқсайсың деп, қайта-қайта қарады", - дейді Байділдә.

Оның айтуынша, жұрт қызу талқылап жатқан фотоколлажды қарындасы жасаған. Сосын әлеуметтік желіде жиі отыратын құрбысына жібереді. Ол Instagram парақшасына салып, содан коллаж тез тарап кеткен.

© Photo : Пресс-служба президента Киргизии / Медиабанкке өтуҚырғызстан президенті Садыр Жапаров
Біртүрлі қарайды: Қырғызстан президентінен аумай қалған жігіт қазақ болып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров

"Естуімше, Қырғызстанның бірінші ханымы да фотоны көріп, мені жолдасына ұқсайтынын айтқан. Президенттің өзімен кездескім келеді. Фотоға түсіп, сөйлесетін едім", - деп атап көрсетті Байділдә.

Асқардың ата-анасы зейнеткерлікке шыққан. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Азаматтың өзі бір жыл бұрын үйленіпті. Таңдаған жары – қазақ. Бүгінде әлеуметтік желіде Асқармен дос болғысы келетін адамдар көбейген. Садыр Жапаровтың үлкен ұлын еске алатындар да бар. Биыл ол да 28 жасқа толатын еді.

Жаңалықтар
0