Экономика

Министр дәрі-дәрмек бағасын төмендету жоспарын таныстырды

© Sputnik / Абзал КалиевДәріхана
Дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, химиялық өнеркәсіп бойынша 2021-2025 жылдарға арналған дамыту жол картасы бекітіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда дәрі-дәрмекті арзандату мақсатында импортталатын шикізатқа кедендік баж төмендетілуі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол министрлік былтыр 2020-2025 жылдарға арналған фармацевтика өнеркәсібін дамыту кешенді жоспарын қабылдағанын еске салды.

"Дәрі-дәрмек құнын төмендету мақсатында біз бірқатар импортталатын субстанция мен шикізатқа кедендік бажды төмендету мәселесін қарастырып жатырмыз", – деді Атамқұлов сенаттағы үкімет отырысында.

Сонымен қатар, клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтарды жүргізу мен GMP стандарттарын енгізу үшін фармацевтика кәсіпорындарының шығынын субсидиялау мәселесі пысықталып жатыр.

Министрдің айтуынша, бұл ЕАЭО нарығындағы дәрі-дәрмекті тіркеу отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін едәуір арттырады.

Оқи отырыңыз: Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты

Бұдан бөлек, химиялық өнеркәсіп бойынша 2021-2025 жылдарға арналған дамыту жол картасы бекітіледі.

Жаңалықтар
0