Өңірлер

Екі құлағына мұз қатқан: дәрігерлер видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты

© Sputnik / Юрий Шестопалов / Медиабанкке өтуАязды күні
Аязды күні - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның құлағы қатты үсіп қалған. Бірақ тиісті ем-домнан кейін ампутацияның қажеті болмады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Дәрігерлер әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желі қолданушылары арасында екі құлағы мұз болып қатып қалған ер адамның видеосы тарады. Көлік жүргізушісі жеңіл бас киіммен жолға шығып кеткен. Оның сөзіне қарағанда, Батық ауылына жетпей, көлігі бұзылып қалған. 

© Photo : Ekaraganda.kzЖүргізуші боранды күні жеңіл бас киіммен жолға шығып кеткен
Екі құлағына мұз қатқан: дәрігерлер видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жүргізуші боранды күні жеңіл бас киіммен жолға шығып кеткен

Ekaraganda.kz порталы таратқан мәліметке сәйкес, бұл оқиға Қарағанды облысының Шет ауданында болған. 62 жастағы ер адамның көлігі жарты жолда істен шығады. Ол қатты боран мен қақаған аязға қарамастан, жеңіл бас киіммен шыққан екен. Содан екі құлағы қатты үсіп қалған.

Жол-жөнекей көлік ұстап, Жаңарқа ауылының ауруханасына жетіп алған ол құлағымнан айырылдым деп ойлаған. 

© Photo : Ekaraganda.kzТиісті медициналық көмектен кейін ер адамды үйіне жіберді
Екі құлағына мұз қатқан: дәрігерлер видеодағы ер адамның денсаулығы туралы айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Тиісті медициналық көмектен кейін ер адамды үйіне жіберді

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның құлағы қатты үсіп қалған. Бірақ ампутацияның қажеті болмады. Тиісті медициналық көмектен кейін ер адамды үйіне жіберді.

Жаңалықтар
0