Видео

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ірі шайқастар: елордалық таңдай қақтырар туындылар жасайды

Жазылу
Ұлттық музейдің ғылыми қызметкері Серік Әбдірахманов 15 жылдан бері стендтік модельдеумен айналысады. Ең күрделі жұмыстарының бірі Ржев түбіндегі шайқасқа арналған

"Ең басты тақырып – әскери тақырып, әрине. Хронологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл Бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс, қазіргі замандағы әртүрлі қақтығыстар. Сондай тақырыпта кішігірім диорама мен виньеткалар жасаймын", - дейді Әбдірахманов. 

Диорама жасамас бұрын ол тарихи құжаттарға, фото, видео, кинохроникаға сүйенеді. Содан кейін қызық сюжет ойлап тауып, толық композиция жасайды. 

"Материал әртүрлі. Олардың жасалуы өте қиын. Неге десеңіз, 1 де 35 масштабта жасалады. Яғни 35 есе кішірейтілген, биіктігі бес-ақ сантиметр. Содан кейін оларды бояу, кейін жетілдіру, композиция жасау керек, ол да біраз уақыт алады", - дейді ол. 

Оның пікірінше, Қазақстанда әскери-тарихи миниатюраларды дайындау кенжелеп қалған. 

"Әскери-тарихи миниатюралармен айналысудағы мақсат – өскелең ұрпақты патриоттыққа баулу, олардың тарихқа деген қызығушылығын ояту", - дейді Әбдірахманов.

Айтуынша, модельдеу – нәпақа табудың жолы емес, бұл - шығармашылық. Ол осы өнерге бет бұрғандар саны артады деп үміттенеді.

Жаңалықтар
0