Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Жердің ғарыш станциясынан түсірілген таңғажайып көрінісі – фото

Жазылу
Бүгінде ғаламшардағы кез-келген адам ғарышкерлер бірнеше ай бойы Жер маңындағы орбитада жұмыс істейтініне таңғалмайды

Алайда, көгілдір ғаламшардың ғарыштан түсірілген суреті әлі күнге дейін тамсандырар әрі таңғалдырар құбылыс ретінде бағаланады.

Спутниктен түсірілген суреттер, ғарыш кемелері түсірген Жер мен Айдың бейнесі, орбитада орналастырылған телескоптардың басқа аспан денелерін камераға түсіруі бүгінде қалыпты жұмыс процесіне айналған және мұндай жаңалықтар жаға ұстатарлықтай сенсация емес. Бірақ, мұндай фотосуреттер табиғаттың ұлылығын кезекті рет дәлелдейтіндей айырықша.

Қазақстан тумасы, ресейлік ғарышкер Сергей Кудь-Сверчков Халықаралық ғарыш станцисының бортында Жердің ерекше аймақтарын фотоға түсіріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы жерлер жайлы ақпаратпен бөлісіп отырады.

Оның жапон әріптесі Соити Ногути де ғарышта жасалған өз суреттерімен бөлісуді дәстүрге айналдырған.

Орыс және жапон ғарышкерлерінің фототуындыларын Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© Photo : Soichi Noguchi / JAXAҚар жамылған Фудзияма. Әйгілі шыңды жапониялық астронавт Соити Ногути ғарыш станциясынан түсіріп алған. Фудзияма - Жапонияның Хонсю аралындағы Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан белсенді стратовулкан. Вулканның биіктігі - 3776 метр (Кенгамине шыңы, Жапонияның ең биік нүктесі). Қазіргі уақытта жанартау өшіп тұр. Оның соңғы атқылауы 1704-1708 жылдар аралығында болған.
Фудзи жеке меншік нысаны және ол Хонгу Сэнгэн Ұлы ғибадатханасының меншігінде. Фудзидің шыңында синтоизм храмы, пошта бөлімшесі және метеостанция орналасқан. Таудың айналасы Фудзи-Хаконэ-Идзу ұлттық паркінің құрамына кіреді. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына жатады.
Заснеженная гора Фудзияма, снятая японским астронавтом Соити Ногути с МКС - Sputnik Қазақстан
1/15
Қар жамылған Фудзияма. Әйгілі шыңды жапониялық астронавт Соити Ногути ғарыш станциясынан түсіріп алған. Фудзияма - Жапонияның Хонсю аралындағы Токиодан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан белсенді стратовулкан. Вулканның биіктігі - 3776 метр (Кенгамине шыңы, Жапонияның ең биік нүктесі). Қазіргі уақытта жанартау өшіп тұр. Оның соңғы атқылауы 1704-1708 жылдар аралығында болған.
Фудзи жеке меншік нысаны және ол Хонгу Сэнгэн Ұлы ғибадатханасының меншігінде. Фудзидің шыңында синтоизм храмы, пошта бөлімшесі және метеостанция орналасқан. Таудың айналасы Фудзи-Хаконэ-Идзу ұлттық паркінің құрамына кіреді. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасына жатады.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosТүнгі Бейжің. Фотосуретті түсірген ресейлік ғарышкер Сергей Куд-Сверчков. Дүниежүзіндегі 1,5 миллиардқа жуық қытай Жаңа жылды қарсы алды. Ал жылдың символы саналатын Ақ Металл өгіз ресми түрде жыл иесі атанды. Қытай Жаңа жылының нақты күні жоқ. Ол әр жылы әр күнге белгіленеді. Қытайдағы бұл мереке қыстан кейінгі күн тоқырауынан кейінгі екінші рет жаңа ай туғанда тойланады. Бұл әдетте 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығында болады.
Сонымен, Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталды және Қытайда оны 12 ақпаннан 27 ақпанға дейін тойлау жоспарланып отыр. Айтпақшы, Қытай 2021 жылды емес, 4719 жылды тойлап жатыр!
Ночной Пекин, снятый российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
2/15
Түнгі Бейжің. Фотосуретті түсірген ресейлік ғарышкер Сергей Куд-Сверчков. Дүниежүзіндегі 1,5 миллиардқа жуық қытай Жаңа жылды қарсы алды. Ал жылдың символы саналатын Ақ Металл өгіз ресми түрде жыл иесі атанды. Қытай Жаңа жылының нақты күні жоқ. Ол әр жылы әр күнге белгіленеді. Қытайдағы бұл мереке қыстан кейінгі күн тоқырауынан кейінгі екінші рет жаңа ай туғанда тойланады. Бұл әдетте 21 қаңтар мен 21 ақпан аралығында болады.
Сонымен, Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталды және Қытайда оны 12 ақпаннан 27 ақпанға дейін тойлау жоспарланып отыр. Айтпақшы, Қытай 2021 жылды емес, 4719 жылды тойлап жатыр!
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosАраб шөлінің кең алқаптарын қазір сіз көріп отырған жылжымалы құм төбелері мен құм массивтері алып жатыр. Құмды және шаңды дауылдар мен қатты желдер, шөлдерге тән үлкен тәуліктік амплитудасы бар жоғары температура салдарынан аумақтың көп бөлігінде адамдар тұрмайды. Температура диапазоны жазда 40-50°C болса, қыста орташа температура 5-15°C құрайды.
Движущиеся барханы Аравийской пустыни, снятые российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
3/15
Араб шөлінің кең алқаптарын қазір сіз көріп отырған жылжымалы құм төбелері мен құм массивтері алып жатыр. Құмды және шаңды дауылдар мен қатты желдер, шөлдерге тән үлкен тәуліктік амплитудасы бар жоғары температура салдарынан аумақтың көп бөлігінде адамдар тұрмайды. Температура диапазоны жазда 40-50°C болса, қыста орташа температура 5-15°C құрайды.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosБұл – Тупаи. Ол әлемдегі ең романтикалық орындардың бірі саналады. Бұл Бора-Бора аралынан солтүстікке қарай 19 километр қашықтықта орналасқан құмды жағажайлар, көгілдір су лагуналары және кокос ағаштарының атоллы. Суретте батыстағы үлкен арал мен шығыстағы шағын аралдар бейнеленген.
Атолл Тупаи, напоминающий по форме сердце, снятый  российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с борта МКС - Sputnik Қазақстан
4/15
Бұл – Тупаи. Ол әлемдегі ең романтикалық орындардың бірі саналады. Бұл Бора-Бора аралынан солтүстікке қарай 19 километр қашықтықта орналасқан құмды жағажайлар, көгілдір су лагуналары және кокос ағаштарының атоллы. Суретте батыстағы үлкен арал мен шығыстағы шағын аралдар бейнеленген.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / Roscosmos Сахара шөліндегі құмды дауылды халықаралық ғарыш станциясынан орыс ғарышкері Сергей Куд-Сверчков түсірген. Ғарышкер өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында былай деп жазды: "Сіздер құмды дауыл салдарынан аспан ақшыл түске боялған Францияда түсірілген кадрларды желіден көрген боларсыздар. Ал дәл осы табиғат құбылысы ғарыштан, Халықаралық ғарыш станциясынан осылай көрінеді. Табиғаттың тосын мінез көрсетуінен күшті жел пайда болып, ол Сахара шөлінен көп құм алып келді. Тіпті таудың көптеген аймақтарында құм қарды сары түске боп жіберді!"
Песчаная буря, идущая из пустыни Сахара, снятая российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
5/15
Сахара шөліндегі құмды дауылды халықаралық ғарыш станциясынан орыс ғарышкері Сергей Куд-Сверчков түсірген. Ғарышкер өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында былай деп жазды: "Сіздер құмды дауыл салдарынан аспан ақшыл түске боялған Францияда түсірілген кадрларды желіден көрген боларсыздар. Ал дәл осы табиғат құбылысы ғарыштан, Халықаралық ғарыш станциясынан осылай көрінеді. Табиғаттың тосын мінез көрсетуінен күшті жел пайда болып, ол Сахара шөлінен көп құм алып келді. Тіпті таудың көптеген аймақтарында құм қарды сары түске боп жіберді!"
© Photo : Soichi Noguchi / JAXAЖапон ғарышкері Соити Ногуту түсірген Армениядағы Севан көлінің ғарыштағы көрінісі. Севан - Армениядағы Армян таулы аймағында орналасқан Кавказдағы ең үлкен көл. Көл аумағы 1 240 шаршы километрді құрайды. Аңызға сәйкес, бұл көл су алуға барған келіндердің бірі бұлақтың бетін жабуды ұмытып кеткеннен пайда болған деседі. Жан-жаққа тараған су үйлерді басып, сонда үйлерін тастап, жер аударуға мәжбүр болған жергілікті жұрт "бұлақтың бетін жаппаған келін тасқа айналсын!" деп қарғаған екен. Сонда әлгі ұмытшақ келін тасқа айналыпты. Дәл осы тас көлдің бетінде көрініп тұр. Арснакар деп аталатын бұл тас армян тілінен аударғанда "келін тасы" дегенді білдіреді.
Вид из космоса на озеро Севан в Армении, снятый японским космонавтом Соити Ногуту с МКС - Sputnik Қазақстан
6/15
Жапон ғарышкері Соити Ногуту түсірген Армениядағы Севан көлінің ғарыштағы көрінісі. Севан - Армениядағы Армян таулы аймағында орналасқан Кавказдағы ең үлкен көл. Көл аумағы 1 240 шаршы километрді құрайды. Аңызға сәйкес, бұл көл су алуға барған келіндердің бірі бұлақтың бетін жабуды ұмытып кеткеннен пайда болған деседі. Жан-жаққа тараған су үйлерді басып, сонда үйлерін тастап, жер аударуға мәжбүр болған жергілікті жұрт "бұлақтың бетін жаппаған келін тасқа айналсын!" деп қарғаған екен. Сонда әлгі ұмытшақ келін тасқа айналыпты. Дәл осы тас көлдің бетінде көрініп тұр. Арснакар деп аталатын бұл тас армян тілінен аударғанда "келін тасы" дегенді білдіреді.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosТабиғаты көркем бұл архипелаг Сезария Эвораның туған жері. Жасыл мүйістегі аралдардың ең негізгі артықшылығы – мұхит. Себебі, Кабо-Верде курорттарындағы құмды жағажайлар, су астындағы жүзулер, спорттық балық аулау, серфинг және яхталар көпті қызықтырады. Басқа Африка елдеріне қарағанда мұнда аралдар едәуір салқын және күндіз-түні температураның күрт өзгеруі болмайды.
Вид из космоса на Кабо-Верде, снятый российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
7/15
Табиғаты көркем бұл архипелаг Сезария Эвораның туған жері. Жасыл мүйістегі аралдардың ең негізгі артықшылығы – мұхит. Себебі, Кабо-Верде курорттарындағы құмды жағажайлар, су астындағы жүзулер, спорттық балық аулау, серфинг және яхталар көпті қызықтырады. Басқа Африка елдеріне қарағанда мұнда аралдар едәуір салқын және күндіз-түні температураның күрт өзгеруі болмайды.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosХалықаралық ғарыш станциясынан түсірілген күміс түсті бұлттар. Олар аз ғана уақытқа пайда болады. Бұл 70-95 километрдегі биіктікте пайда болатын ең биік бұлт түзілістері!
Оларды басқа бұлттардан ажырату қиын емес: олар ымыртты аспанның айналасында жарқырайды. Себебі, көкжиектің артында жасырынған Күн мезосферада Жерден өте биік нысандарды жарықтандырады. Оның үстіне, ғарыш станциясынан қара түсті стратосфералық бұлттар мен күміс бұлттардың айырмашылығы анық көрініп тұр. Күміс бұлттар пайда болуы үшін 3 фактордың үйлесуі қажет: су буының жеткілікті мөлшері, төмен температура және мұз кристалдарына айналатын су буының конденсациясы бар шаң бөлшектерінің болуы.
Серебристые облака, снятые российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
8/15
Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген күміс түсті бұлттар. Олар аз ғана уақытқа пайда болады. Бұл 70-95 километрдегі биіктікте пайда болатын ең биік бұлт түзілістері!
Оларды басқа бұлттардан ажырату қиын емес: олар ымыртты аспанның айналасында жарқырайды. Себебі, көкжиектің артында жасырынған Күн мезосферада Жерден өте биік нысандарды жарықтандырады. Оның үстіне, ғарыш станциясынан қара түсті стратосфералық бұлттар мен күміс бұлттардың айырмашылығы анық көрініп тұр. Күміс бұлттар пайда болуы үшін 3 фактордың үйлесуі қажет: су буының жеткілікті мөлшері, төмен температура және мұз кристалдарына айналатын су буының конденсациясы бар шаң бөлшектерінің болуы.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosҚарақорым - бұл жеті және алты мыңдық шыңдардың ең үлкен қоры. 1958 жылы Фоско Мариани тау сілемін "пішіндері мен олардың үйлесімдерінің көптігі бойынша әлемдегі ең әсерлі музей" деп атады. К-2 (8,611 метр) екінші шыңы ретінде тіркелді. Оны Чогори, Дапсанг және Годвин-Остен деп те атайды. К-2 – солтүстікте орналасқан және ең күрделі сегіз мыңдықтардың бірі. Соңғы уақытқа дейін бұл шың әлемдегі қыста бағындырылмаған 14 ең биік шыңдардың бірі болып келді. Бірақ, 16 қаңтарда Нирмал Пурдж командасы оның шыңын бағындырды.
Вид из космоса на горный массив Каракорум, снятый российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
9/15
Қарақорым - бұл жеті және алты мыңдық шыңдардың ең үлкен қоры. 1958 жылы Фоско Мариани тау сілемін "пішіндері мен олардың үйлесімдерінің көптігі бойынша әлемдегі ең әсерлі музей" деп атады. К-2 (8,611 метр) екінші шыңы ретінде тіркелді. Оны Чогори, Дапсанг және Годвин-Остен деп те атайды. К-2 – солтүстікте орналасқан және ең күрделі сегіз мыңдықтардың бірі. Соңғы уақытқа дейін бұл шың әлемдегі қыста бағындырылмаған 14 ең биік шыңдардың бірі болып келді. Бірақ, 16 қаңтарда Нирмал Пурдж командасы оның шыңын бағындырды.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosСицилия - Италияның әсемдігінде бір мін жоқ аралы. Көгілдір теңіз, ақ және қара құм, жүзім алқаптары, апельсин ормандары және Еуропадағы ең ірі белсенді жанартау - Этна.

Вулканның жоғарғы жағындағы үлкен қар жамылғысы Халықаралық ғарыш станциясынан өте әсерлі көрінеді. Этна үнемі атқылап тұрады. Статистикаға сәйкес, шамамен 150 жылда бір рет жанартау атқылауы жақын жерде орналасқан елді мекендердің бірін толығымен қиратады. Осыған қарамастан, Этна етегіндегі аймаққа ел тығыз қоныстанған. Себебі, қатып қалған лаваның арқасында жер өте құнарлы.
Вид из космоса на вулкан Этна на Сицилии, снятый российским космонавтом Сергеем Кудь-Сверчковым с МКС - Sputnik Қазақстан
10/15
Сицилия - Италияның әсемдігінде бір мін жоқ аралы. Көгілдір теңіз, ақ және қара құм, жүзім алқаптары, апельсин ормандары және Еуропадағы ең ірі белсенді жанартау - Этна.

Вулканның жоғарғы жағындағы үлкен қар жамылғысы Халықаралық ғарыш станциясынан өте әсерлі көрінеді. Этна үнемі атқылап тұрады. Статистикаға сәйкес, шамамен 150 жылда бір рет жанартау атқылауы жақын жерде орналасқан елді мекендердің бірін толығымен қиратады. Осыған қарамастан, Этна етегіндегі аймаққа ел тығыз қоныстанған. Себебі, қатып қалған лаваның арқасында жер өте құнарлы.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosБұл – Улуру. Ол Австралияның басты көрікті жерлерінің бірі және оны көру үшін елге жыл сайын 400 мыңнан астам турист келеді. Бұл үлкен әрі сопақ пішінді, сарғыш-қоңыр түсті тау жынысы шамамен 680 миллион жыл бұрын геологиялық процестердің нәтижесінде қалыптасқан.
Жартас күн мен жарықтың түсуіне байланысты түсін өзгертеді. Ол ашық қызғылт сарыдан қою күлгін түске дейін боялады.
Одна из главных природных достопримечательностей Австралии скала Урулу - Sputnik Қазақстан
11/15
Бұл – Улуру. Ол Австралияның басты көрікті жерлерінің бірі және оны көру үшін елге жыл сайын 400 мыңнан астам турист келеді. Бұл үлкен әрі сопақ пішінді, сарғыш-қоңыр түсті тау жынысы шамамен 680 миллион жыл бұрын геологиялық процестердің нәтижесінде қалыптасқан.
Жартас күн мен жарықтың түсуіне байланысты түсін өзгертеді. Ол ашық қызғылт сарыдан қою күлгін түске дейін боялады.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosАумағы 500 шаршы километрді құрайтың бұл жерді жергілікті тұрғындар Гендом Берьян ("күйдірілген бидай") деп атайды. Ыстық тасқа қойған таба нан толығымен жанып кетеді деген сенім бар. Мұнда, Деште-Лут шөлінде ауа райы үнемі ыстық болып тұрады. Алайда, бұл осы аймақтың жалғыз ерекшелігі емес. Шөлде алып тас түзілімдері бар. Ол әлемдегі ең биік құм төбелері саналады.
Пустыня Деште-Лут, Иран - Sputnik Қазақстан
12/15
Аумағы 500 шаршы километрді құрайтың бұл жерді жергілікті тұрғындар Гендом Берьян ("күйдірілген бидай") деп атайды. Ыстық тасқа қойған таба нан толығымен жанып кетеді деген сенім бар. Мұнда, Деште-Лут шөлінде ауа райы үнемі ыстық болып тұрады. Алайда, бұл осы аймақтың жалғыз ерекшелігі емес. Шөлде алып тас түзілімдері бар. Ол әлемдегі ең биік құм төбелері саналады.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / RoscosmosҒарыштан Жер табиғаты жүрек пішінінде дайындаған ерекше "суретті" түсіру мүмкін болды. Африкадағы әйгілі Чад көлі - бұл ерекше табиғи нысан.
Оның пайда болуы кейінірек көл ойпатына айналған жер қыртысының "майысуымен" байланысты. Бұл жануарлар мен құстардың көптеген түрлері паналайтын кең шөлді аймақтағы жалғыз су айдыны. Жергілікті тұрғындар оны "Сахара теңізі" деп атайды. Жалпы, жергілікті тілден аударғанда "чад" сөзі "үлкен су" дегенді білдіреді.
Көлдің көлемі үнемі өзгеріп отырады. Ал ауытқулар айтарлықтай ауқымды болады. Бұл жаңбыр мен құрғақшылықтың ауысып отыруымен байланысты.
Африканское озеро Чад - Sputnik Қазақстан
13/15
Ғарыштан Жер табиғаты жүрек пішінінде дайындаған ерекше "суретті" түсіру мүмкін болды. Африкадағы әйгілі Чад көлі - бұл ерекше табиғи нысан.
Оның пайда болуы кейінірек көл ойпатына айналған жер қыртысының "майысуымен" байланысты. Бұл жануарлар мен құстардың көптеген түрлері паналайтын кең шөлді аймақтағы жалғыз су айдыны. Жергілікті тұрғындар оны "Сахара теңізі" деп атайды. Жалпы, жергілікті тілден аударғанда "чад" сөзі "үлкен су" дегенді білдіреді.
Көлдің көлемі үнемі өзгеріп отырады. Ал ауытқулар айтарлықтай ауқымды болады. Бұл жаңбыр мен құрғақшылықтың ауысып отыруымен байланысты.
© Photo : Soichi Noguchi / JAXAПариждің жарқыраған шамдары жапон астронавты Соити Ногутидің объективіне түсіп қалды. Париж мыңдаған жылдан бері Францияның астанасы болып отыр. Жалпы, бұл әлемдегіі ең романтикалық қала әрі қытырлақ круассандар мен ең дәмді шараптың отаны саналады. Сондай-ақ, сән саласындағы аса танымал сәнқойлардың мекеніне айналған.
Огни ночного Парижа, Франция - Sputnik Қазақстан
14/15
Париждің жарқыраған шамдары жапон астронавты Соити Ногутидің объективіне түсіп қалды. Париж мыңдаған жылдан бері Францияның астанасы болып отыр. Жалпы, бұл әлемдегіі ең романтикалық қала әрі қытырлақ круассандар мен ең дәмді шараптың отаны саналады. Сондай-ақ, сән саласындағы аса танымал сәнқойлардың мекеніне айналған.
© Photo : Sergey Kud-Sverchkov / Roscosmos1462 жылы теңіз саяхатшысы Диогу Афонсу Атлант мұхитындағы Санта-Антан (Кабо-Верде) аралын ашты. Архипелаг 10 үлкен және 5 шағын аралдан тұрады. Соның ішінде, желдің ығындағы аралдар тобына Санту-Антан, Сан-Висенте, Сан-Николау, адам тұрмайтын Санта-Лусия, Сал және Боавишта кірсе, жел жақ бетіндегі аралдар тобына Сантьягу, Брава, Фогу және Майу кіреді.
Острова Зеленого Мыса - Sputnik Қазақстан
15/15
1462 жылы теңіз саяхатшысы Диогу Афонсу Атлант мұхитындағы Санта-Антан (Кабо-Верде) аралын ашты. Архипелаг 10 үлкен және 5 шағын аралдан тұрады. Соның ішінде, желдің ығындағы аралдар тобына Санту-Антан, Сан-Висенте, Сан-Николау, адам тұрмайтын Санта-Лусия, Сал және Боавишта кірсе, жел жақ бетіндегі аралдар тобына Сантьягу, Брава, Фогу және Майу кіреді.
Жаңалықтар
0