Экономика

"Ешкімге жалтақтамаймыз": Тоқаев реформаларды біреуге ұнау үшін жүргізбейтінін айтты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГлава государства Касым-Жомарт Токаев
Глава государства Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси реформаларды сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің бірқатар шетелдік әріптестерім және беделді сарапшылар елімізде жүзеге асырылып жатқан сасяи реформалар туралы оң пікір айтуда. Олар саяси жаңғырудың сан қырлы және күрделі үдеріс екенін өте жақсы түсінеді. Ал реформаларды сынайтындар көбінесе мәселеге үстірт қарайды немесе жағдайымыздың ерекшелігін әдейі түсінгісі келмейді", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды 

Президент билік елдің түйткілді тұстарын жақсы білетінін, ұстанымы айқын екенін атап өтті. Барлық мәселені кең ауқымды диалог пен мәміле арқылы біртіндеп шешеміз. Саяси жаңғыруды міндетті түрде жүзеге асырамыз, деді ол.

"Мен осы мәселеге айрықша мән беріп отырмын. Біз реформаларды біреуге ұнау үшін, олардың алдында жақсы көріну үшін, не болмаса біреулерге есеп беру үшін жүргізіп отырғанымыз жоқ. Реформаларды ешкімге жалтақтамай, ұдайы іске асырамыз. Басты мақсат –  еліміздің күш-қуатын, әлеуетін нығайту және ең алдымен халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін тиімді шешімдер қабылдау. Бұған ешкімнің күмәні болмауы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев саяси реформалардың үшінші пакетін жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнамаға түзету енгізілетінін айтты. Президент құзырлы органдарға тиісті заң жобаларын жедел әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтар
0