Қоғам

"Мұндайға жол беруге болмайды": Тоқаев мүгедектерге жағдай жасауды тапсырды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДәліз, архивтегі сурет
Дәліз, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Президент азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бірыңғай ақпараттық база құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Келесі маңызды мәселе – мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын. Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды", – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Сондықтан, президенттің айтуынша, жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет.

"Бірыңғай ақпараттық қор база құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйені неге жасамасқа? Денсаулық сақтау министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіру керек. Бұл жұмысты жеделдету қажет", – деді мемлекет басшысы.

Президент азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуы тиіс деп санайды.

Тоқаев бұл жобаны биыл 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылы 1 қаңтардан толыққанды жүзеге асыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Түркістан әкімі мүгедектер арбасына отырды

Жаңалықтар
0