Қоғам

Димаш жанкүйерлеріне тосын мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневДимаш на концерте в Нур-Султане
Димаш на концерте в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Соңғы кезде әлеуметтік желіде көрінбей кеткен Димаш Құдайберген қазір жаңа жобалармен айналысып жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне әлеуметтік желіде неге көрінбей кеткенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Жаңа жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан әнші жақында жаңалығын жарияламақ.

"Dears, кейінгі кезде әлеуметтік желіге аз уақыт бөліп жүрмін, себебі қазір жаңа жобалармен айналысып жатырмын. Қандай жоба екенін жақында хабарлаймын. Сіздерді жақсы көремін", - деп жазды әнші.

Әншінің жанкүйерлері сәттілік тілеп, жаңа жобаның да сәтті болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін хабарлады.

"Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл Қытайда болдым. Алайда мен үшін ең сүйікті орын – отбасым бар жер", - деді Димаш MTV USA телеарнасына берген сұқбатында.

Жаңалықтар
0