Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Макияж бен камуфляж: әскери қызметте жүрген әлемдегі қыз-келіншектер бейнесі – фото

Жазылу
Қоғамда қалыптасқан стереотиптерге қарамастан, әйелдер де көбінесе ер азаматтарға арналған мамандықтды таңдап, тіпті өз еркімен әскер қатарына барады. Әскери форма киген қыздар әлем елдерінде қалай көрінеді. Sputnik-тің суреттер топтамасынан тамашалаңыз

Қолында қару-жарағы мен үстінде әскери киімі бар ер адамдарға көз үйренген. Ал мұндай кейіптегі әйелдер бірден ерекше көрінеді. Өйткені олар әр заманда – нәзіктігімен әйелге тән рөлге ие болды. Алайда, әйелдердің тәуекелі мен төзімі, стратегиялық ойлау қабілеті, тіпті физикалық күш-жігері мен қабілет-қарымы сияқты қасиеттер сала мамандарын көбірек қызықтырады.

Камуфляж киген қыздар заманауи әлемде сирек кездеседі. Десек те, көптеген елдің қорғаныс саласында нәзік жанды әскери қызметкерлерді кездестіруге болады.

Өзіне сенімді әрі мықты және сүйкімділігін жоғалтпаған әйелдер әскери борышын ерлермен тең дәрежеде атқарады.

Кей елдерде қыздар өз еркімен әскери қызметке барса, ал кейбір елдерде әскери қызмет міндетті болып табылады.

Оқи отырыңыз: Хайуанаттар бағындағы қарға аунаған жануарлардың тыныс-тіршілігі – фото

Әлем елдерінің әскери саласында әйелдер қалай қызмет етеді және олар қалай көрінеді.

© Photo : МинобороныҚазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды. Олар қарулы қақтығыстар құрбандарының осал санаттарымен жұмыс жасайтын "Female engagement team" арнайы тобының құрамына кіреді.
Қазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды - Sputnik Қазақстан
1/15
Қазақстандық әскери әйелдер де бітімгершілік күш құрамында арнайы гуманитарлық миссияны орындайды. Олар қарулы қақтығыстар құрбандарының осал санаттарымен жұмыс жасайтын "Female engagement team" арнайы тобының құрамына кіреді.
© AP Photo / Ng Han GuanБүгінгі күні Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында жігіттер мен қыздар үшін артықшылық болып саналады. Әскери қызмет туралы заңға сәйкес 18 бен 22 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де мерзімді әскери қызметке жатады. Ал әскери қызмет мерзімі бірдей – екі жыл. Суретте: экскурсия жетекшісі болған әскери әйел Бейжіңде Қытайдың әскери жетістіктері туралы көрме ашуға дайындалып жатыр.
Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында ұлдар мен қыздар үшін артықшылық болып саналады. - Sputnik Қазақстан
2/15
Бүгінгі күні Қытайдың қарулы күштерінде қызмет ету жастар арасында жігіттер мен қыздар үшін артықшылық болып саналады. Әскери қызмет туралы заңға сәйкес 18 бен 22 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де мерзімді әскери қызметке жатады. Ал әскери қызмет мерзімі бірдей – екі жыл. Суретте: экскурсия жетекшісі болған әскери әйел Бейжіңде Қытайдың әскери жетістіктері туралы көрме ашуға дайындалып жатыр.
© AFP 2024 / Jack GuezБұл елдің басқалардан айырмашылығы – елдегі әйелдердің көпшілігі Израильдің қорғаныс күштерінде қызмет етеді. Израильде әйелдер де әскери міндетті болып табылады. Ер адамдар үшін әскери қызмет мерзімі 36 ай, ал әйелдер үшін 24 ай. Суретте: израильдік әскери әйелдер.
Бұл елдің басқалардан айырмашылығы – елдегі әйелдердің көпшілігі Израильдің қорғаныс күштерінде қызмет етеді - Sputnik Қазақстан
3/15
Бұл елдің басқалардан айырмашылығы – елдегі әйелдердің көпшілігі Израильдің қорғаныс күштерінде қызмет етеді. Израильде әйелдер де әскери міндетті болып табылады. Ер адамдар үшін әскери қызмет мерзімі 36 ай, ал әйелдер үшін 24 ай. Суретте: израильдік әскери әйелдер.
© AFP 2024 / Noah SeelamҮндістандағы ұлттық кадет корпусы 1948 жылы құрылды. Ұйым Үндістан жастары арасында қорғаныс министрлігінің қамқорлығымен әлеуметтік дағдылар мен көшбасшылық қабілеттерді дамыту үшін орта және колледж курсанттарын қабылдайды. Суретте: курсант әйел Үндістанның Секундерабад қаласында әскерилер мәдени шараға дайындалып жатыр.
Курсант әйел Үндістанның Секунерабад қаласында әскерилер мәдени шараға дайындалып жатыр - Sputnik Қазақстан
4/15
Үндістандағы ұлттық кадет корпусы 1948 жылы құрылды. Ұйым Үндістан жастары арасында қорғаныс министрлігінің қамқорлығымен әлеуметтік дағдылар мен көшбасшылық қабілеттерді дамыту үшін орта және колледж курсанттарын қабылдайды. Суретте: курсант әйел Үндістанның Секундерабад қаласында әскерилер мәдени шараға дайындалып жатыр.
CC BY-SA 2.0 / Ernests Dinkamob/Saeima / Svinīgā Nacionālo bruņoto spēku parādēЛатвия қарулы күштерінің шеруінде тұрған қыз. Республика – НАТО-ға мүше бес елдің бірі, қарулы күштерде әйелдер саны көп.
Латвия қарулы күштерінің шеруінде тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
5/15
Латвия қарулы күштерінің шеруінде тұрған қыз. Республика – НАТО-ға мүше бес елдің бірі, қарулы күштерде әйелдер саны көп.
© Photo : Public domain / U.S. Air Force / Staff Sgt. Clayton LenhardtТүрік құрлық әскерінің әйел офицерлері. Бұл ел әйелдерді әскери оқу орындарына 90-шы жылдардың басында шақыра бастады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік айтарлықтай шектеулі, ал квота бес пайыздан аспайды.
Түрік құрлық әскерлерінің әйел офицерлері - Sputnik Қазақстан
6/15
Түрік құрлық әскерінің әйел офицерлері. Бұл ел әйелдерді әскери оқу орындарына 90-шы жылдардың басында шақыра бастады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік айтарлықтай шектеулі, ал квота бес пайыздан аспайды.
© Sputnik / Aleksandr Galperin / Медиабанкке өтуСанкт-Петербургтегі Ұлы Петр әскери-теңіз институтындағы әйел курсанттар жаттығу кезінде. 2015 жылы университет қыздарды қабылдауды қайта бастады.
Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр әскери-теңіз институтында әйел курсанттары - Sputnik Қазақстан
7/15
Санкт-Петербургтегі Ұлы Петр әскери-теңіз институтындағы әйел курсанттар жаттығу кезінде. 2015 жылы университет қыздарды қабылдауды қайта бастады.
CC BY-SA 3.0 / Rikujojieitai Boueisho / Бұған дейін Жапонияда жаяу әскер мен танк күштеріне, сондай-ақ барлау және десанттық бөлімдерге әйелдерді тартуға шектеу қойылған болатын. Алайда, 2017 жылы армиядағы әйелдер санын екі есеге көбейту туралы шешім қабылданды. Суретте: қыздар Жапониядағы өзін-өзі қорғау күштерінің шеруі кезінде.
Жапониядағы өзін-өзі қорғау күштерінің шеруі - Sputnik Қазақстан
8/15
Бұған дейін Жапонияда жаяу әскер мен танк күштеріне, сондай-ақ барлау және десанттық бөлімдерге әйелдерді тартуға шектеу қойылған болатын. Алайда, 2017 жылы армиядағы әйелдер санын екі есеге көбейту туралы шешім қабылданды. Суретте: қыздар Жапониядағы өзін-өзі қорғау күштерінің шеруі кезінде.
CC BY 2.5 / Italian Army / "Аоста" итальян армиясының механикаландырылған бригадасының қыздары минометпен атудың есебін жүргізуде. Италияда армиядағы әйелдер саны тіпті ер адамдар санынан асып түсуі мүмкін.
Аоста итальян армиясының механикаландырылған бригадасының қыздары минометпен атудың есебін жүргізуде - Sputnik Қазақстан
9/15
"Аоста" итальян армиясының механикаландырылған бригадасының қыздары минометпен атудың есебін жүргізуде. Италияда армиядағы әйелдер саны тіпті ер адамдар санынан асып түсуі мүмкін.
© AFP 2024 / Jung Yeon-Je2011 жылдың 4 тамызында Сеулдегі арнайы операциялар қолбасшылығының әскери базасындағы азаматтық оқу-жаттығу лагеріне барған қыздар. Лагерь 1 034 бейбіт тұрғынға, оның ішінде 271 әйелге арналған.
Сеулдегі арнайы операциялар қолбасшылығының әскери базасындағы азаматтық оқу-жаттығу лагеріне барған қыздар - Sputnik Қазақстан
10/15
2011 жылдың 4 тамызында Сеулдегі арнайы операциялар қолбасшылығының әскери базасындағы азаматтық оқу-жаттығу лагеріне барған қыздар. Лагерь 1 034 бейбіт тұрғынға, оның ішінде 271 әйелге арналған.
© AP Photo / Vadim GhirdaКапу-Мидия полигонындағы жаттығу кезінде Румыния мен АҚШ әйел сарбаздары.
Капу-Мидия полигонындағы жаттығу кезінде Румыния мен АҚШ әйел сарбаздары. - Sputnik Қазақстан
11/15
Капу-Мидия полигонындағы жаттығу кезінде Румыния мен АҚШ әйел сарбаздары.
CC BY 2.0 / She Paused 4 Thought / Чилидің Сантьяго қаласындағы әскери әйел.
Чилидің Сантьяго қаласындағы әскери әйел. - Sputnik Қазақстан
12/15
Чилидің Сантьяго қаласындағы әскери әйел.
© AFP 2024 / Hoang Dinh NamВьетнамдағы әскери парад кезінде Вьетконг сарбаздарының киімін киген жауынгерлер.
Вьетнамдағы әскери парад кезінде Вьетконг сарбаздарының киімін киген жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
13/15
Вьетнамдағы әскери парад кезінде Вьетконг сарбаздарының киімін киген жауынгерлер.
© AFP 2024 / Ed JonesСуретте Корей халық армиясының капитаны Чхве Ун-Чонг Пхеньяндағы Соғыс мұражайының алдында суретке түсті. КХДР-да ер адамдар үшін де, әйелдер үшін де міндетті әскери қызмет бар. Олар 17 жасқа толғаннан кейін әскер қатарына шақырылады.
Корей халық армиясының капитаны Чхве Ун-Чонг - Sputnik Қазақстан
14/15
Суретте Корей халық армиясының капитаны Чхве Ун-Чонг Пхеньяндағы Соғыс мұражайының алдында суретке түсті. КХДР-да ер адамдар үшін де, әйелдер үшін де міндетті әскери қызмет бар. Олар 17 жасқа толғаннан кейін әскер қатарына шақырылады.
CC BY 2.0 / U.S. Army / Gertrud Zach / A Swedish soldier with the Wartofta Tank Company, Skaraborg Regiment carries a round during the Strong Europe Tank Challenge, June 5, 2018Суретте Швеция армиясының әскери қызметкері Strong Europe танк сынағы кезінде снаряд алып жүр. Бұл елде әйелдер де мерзімді әскери қызмет атқарады. 2010 жылы жалпыға бірдей әскери қызметке шақыру алынып тасталды. Бірақ кейінірек қарулы күштер қатарын еріктілермен толықтыруда қиындықтар туындап, әскерге шақыру жүйесі 2017 жылы қайта іске қосылды.
Суретте Швеция армиясының әскери қызметкері Strong Europe танк сынағы кезінде - Sputnik Қазақстан
15/15
Суретте Швеция армиясының әскери қызметкері Strong Europe танк сынағы кезінде снаряд алып жүр. Бұл елде әйелдер де мерзімді әскери қызмет атқарады. 2010 жылы жалпыға бірдей әскери қызметке шақыру алынып тасталды. Бірақ кейінірек қарулы күштер қатарын еріктілермен толықтыруда қиындықтар туындап, әскерге шақыру жүйесі 2017 жылы қайта іске қосылды.
Жаңалықтар
0