Қоғам

Бес баланың өлімі: депутаттар кінәлі лауазымды тұлғаларды жазалауды талап етті

© Sputnik / Владислав ВодневСовместное заседание палат парламента по случаю закрытия парламентской сессии
Совместное заседание палат парламента по случаю закрытия парламентской сессии - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Олар төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, көп қабатты тұрғын үйлерге, әсіресе уақытша тұратын үйлер, саяжайларға әрбір нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыс жүргізуі тиіс деп есептейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғаларға тергеу жүргізіп, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатаң шара қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министрге жолданған депутаттық сауалға өткен аптада Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында адам өліміне әкеп соққан өрт себеп болған.

"Тас түскен жеріне ауыр" демекші бұл жағдай барша қазақстандықтың қайғысы. Өрт салдарынан нәрестелерінен және азаматтарынан айырылып қалған жандарға депутаттар атынан қайғырып көңіл айтамыз. Қаза болған балаларымыз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін кім жауапты деген сұрақ баршамызды ойландырады. Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болуы қажет. Біздің тұрғындарымыз қашанғы оттың астында қала беруі керек? Ертеңгі күні бұндай жағдайларға тап болмауымызға кім кепіл?", - деп ашынды депутат Фахреддин Қаратаев.

Айтуынша, бұл оқиғалар елде түбегейлі шешуді талап ететін мәселелер көп екенін көрсетті. Мәжілісмен былтыр тиісті өкілеттіктермен және кадрлармен қамтамасыз етілген Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылғанын еске салды. Алайда, айтуынша, оның атқарған жұмысы әрдайым уақытылы және тиімді бола бермейді.

"2020 жылдың тоғыз айында елімізде тоғыз мыңнан астам өрт болды, 228 адам қаза тапты, жарақат алғандар – 217 адам. Төтенше жағдайлар министрлігі қыс маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатқандығы туралы мәлімдеді. Олардың мәліметтері бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілген. Алайда, орын алып отырған қайғылы оқиғалар жасалып жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екендігін көрсетті", - деп санайды ол.

Осыған байланысты депутаттар Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беруді сұрады.

Сондай-ақ, олар төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, көп қабатты тұрғын үйлерге, әсіресе "времянка", саяжайларға әрбір нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыс жүргізуі тиіс деп есептейді.

Еске салсақ, 19 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында пәтерлердің бірінен өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде үйде балалар үлкендердің қарауынсыз қалған. Салдарынан кәмелетке толмаған бес бірдей бала қаза болды.

18 ақпанда Қызылорда қаласында тура осындай жағдай болды. Өрт салдарынан бес бала зардап шегіп, алты айлық сәби көз жұмды.

21 ақпанда Петропавл қаласында болған өрттен екі адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды.

Жаңалықтар
0