Әлем

Путин терроризмді ең басты қатер деп атады

© Sputnik / Михаил Климентьев / Медиабанкке өтуЕжегодная пресс-конференция президента РФ В. Путина
Ежегодная пресс-конференция президента РФ В. Путина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Өткен жылдың желтоқсанында Шешенстан мен Ингушетия аумағында қылмыс жасаған соңғы ұйымдасқан бандалар тобы жойылды, деді Ресей басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин терроризмді ең қауіпті қатер деп атап, онымен күрес Сирияда да жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.

Решетка - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2020
Қоғам
Терроризм үшін сотталғандарды түрмеде қалай ұстайды?
"Ең алдымен тұрақты жинақылық, алдын ала ойластырылған жедел іс-әрекеттер ең өткір, ең қауіпті қатерге – терроризмге қарсы күресті талап етеді", - деді Путин Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) алқа мәжілісінде.

Ресей өз аумағында да, одан тыс жерлерде де экстремизмге қарсы соғыс жүргізіп жатыр.

Президенттің айтуынша, өткен жылдың желтоқсанында Шешенстан мен Ингушетия аумағында қылмыс жасаған соңғы ұйымдасқан бандалар тобы жойылды, шет елдерде, соның ішінде Сирияда жұмыс атқарылып жатыр.  

Жаңалықтар
0