Оқиға

Петропавлда дәмхана жарылған сәт камераға түсіп қалды

© Sputnik / Елена БережнаяОқиға орнынан түсірілген сурет
Оқиға орнынан түсірілген сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жарылыстан зардап шегіп ауруханаға түскен азаматтардың жағдайы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде 21 ақпан күні Петропавлдағы бес қабатты жатақхананың бірінші қабатында болған жарылыстың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін қалалық пабликтерде жарылыс сәті түсіп қалған бейнебақылау камерасының жазбасы пайда болды. Жергілікті полицейлер бұл видеоның аталған оқиғаға қатысы бар екенін растады. 

Еске салсақ, 21 ақпан күні сағат 16:00 шамасында Интернациональная көшесіндегі 21 үйде газ баллоны жарылып, өрт шықты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Оқиға орнында облыс орталығындағы барлық өрт сөндіру бөлімшелері мен департаменттің жедел-құтқару жасағы, жалпы саны 83 адам мен 21 техника жұмылдырылды.

Кейінірек, ТЖ департаментінің өңілдері шаштаразбен қабырға арқылы жанасып тұрған "Қаражорға" дәмханасы өрт ошағы екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, шаштараз "Хочу шашлык" дәмханасымен де іргелес болған. Жарылыс салдарынан қабырғалар құлап, үш кәсіпкерлік нысанның күлі көкке ұшты. Ал жарылыс ас бөлмесінен шыққан. 

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиОқиға орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер.
Петропавлда дәмхана жарылған сәт камераға түсіп қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер.

Жарылыстан кейін бірінші қабат түгелдей отқа оранды. Ауа өткізгіш арқылы жоғарғы қабаттарға жеткен от, төртінші және бесінші қабаттары түтінмен көмкеріліп әбден ысталған.

Зардап шеккендер жайлы не білеміз

Өрт сөндірушілер шаштараздан ер мен әйелді алып шығып, олар ауруханаға жеткізілді. Жарылыс шыққан дәмхананы жалға алған 1996 жылғы ер адам алған күйік салдарынан ауруханада көз жұмды. Ал өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнында 1999 жылы туған дәмхана қызметкерінің мәйіті табылды.

Қазіргі кезде 1999 жылы туған дәмхананың тағы бір жұмысшысы аса ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Ол жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Одан бөлек тағы жеті адам ауруханада жатыр. Оның ішінде, ауыр бассүйек-ми жарақатымен көпбейінді облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан 1997 жылы туған екі жас жігіт те бар.

"Зардап шеккен жігіттердің бірі жан сақтау бөлімінде қалды, екіншісі  нейрохирургия бөліміне ауыстырылды", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хабарламасында.

Ендігі жағдай қалай болады

Жатақханадан 120 тұрғын эвакуацияланды. Олардың кейбірі туыстарының үйінде болса, кейбірі жергілікті университеттің жатақханасына орналастырылды. Олар үшін материалдық көмек, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік жинау ұйымдастырылды.

Петропавл әкімі Болат Жұмабеков жарылыстан зардап шеккен үйді қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткенін айтты. Әзірше терезелер мен есіктер жаңартылып, коммуникация желілері жөнделіп жатыр.

"Мердігер мекемелер элеваторлы жылу торабын жөндеп, үйді жылуға қосу жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ, терезелер мен есіктерді орнату және ішкі электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр", – деп жазды Болат Жұмабеков Facebook парақшасында. 

© Sputnik / Елена БережнаяЖарылыс салдарынан шағылған әйнек.
Петропавлда дәмхана жарылған сәт камераға түсіп қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жарылыс салдарынан шағылған әйнек.

Бірақ тұрғындар ғимараттың конструкциясы зақымдалуы салдарынан жөндеу жұмыстарынан кейін де пәтерде тұруға қорқатындарын айтуда. Ал қала әкімдігі тұрғын үйдің жарамдылығы туралы сараптамадан кейін шешім шығаратынын айтты.

Жаңалықтар
0