Өңірлер

Павлодарлық тұрғындар президентке хат жазды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиҚағаз бен қаламсап
Қағаз бен қаламсап - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Шамамен 800 адам тұратын көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамту мәселесі алты жыл бойы шешілмей келеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғындары президентке хат жазып, бірнеше жылдан бері жылуға жарымай отырғандарына шағымданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тұрғындар алты жылдан бері Павлодар қаласының барлық инстанциясына жүгінгенімен, тек жазбаша жауап қана алып келеді.

"Біз бірнеше рет "Павлодар жылу желілері" ЖШС-і мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, тұрғын үй инспекциясына, қалалық және облыстық әкімдікке жүгіндік. Алайда әлі күнге дейін бұл мәселені шешуге қатысты шара қабылданбай келеді", – делінген хатта.

Сонымен қатар тұрғындар үй салқын болғандықтан электр жылытқыштарын қосуға мәжбүр екенін жеткізген. Алайда, ол да мәселені түбегейлі шешпейді. Ол өз кезегінде суық пәтер ішінің ылғалдануына әкеледі де, содан адамдар ауырып жатыр.

"Егер бұл мәселе шешілмесе, онда тұрғын үй жарамсыз болып қалады және 258 отбасы, шамамен 800 адам далада қалады. Сіздерден үйіміздің мәселесін шешуге көмектесулеріңізді сұраймыз", – делінген президентке жолданған хатта.

Ал Павлодар әкімдігі Усолка шағын ауданындағы үйлердің жағдайын білетінін жеткізді.

"Бұл мәселе бойынша қалалық бөлім мамандары бірнеше рет барды. Үйде "Павлодар жылу желілері" ЖШС орталық жылу торабынан жіберетін жылумен жабдықтау параметрлері төмендетілген. Осы үйлерге берілетін жылу параметрлерін арттыруға қатысты хат жолданды", – деп жауап берді әкімдік.

Оқи отырыңыз: "Артық әңгімені қойыңыздар!": Ninety one әншісінің ата-анасы Сәкен мен Мейрамбекке ашық хат жазды

Сонымен қатар әкімдік биыл жылу магистралі құрылысы жоспарланғанын атап өткен. Бұл Усолка және Дачный шағын ауданындағы үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
0