Өңірлер

Карантиндік шектеулерге өзгеріс енгізіледі: қандай нысандар ашылуы мүмкін  

© Sputnik / Владислав ВодневСтоличный цирк
Столичный цирк - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Мүлде жабық тұрған бизнес түрлеріне "Ashyq" бағдарламасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесі талқыланып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер – денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов жақын арада қандай нысандар ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол бүгін Ведомствоаралық комиссияның отырысында карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты бірқатар шара жария етілгенін атап өтті. Жақын арада карантиндік шектеулерге өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылданады.

"Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы түрлі формадағы қызметтерге қатысты шектеулерді біртіндеп алып тастауға септігін тигізеді деген үміттеміз. Бүгінде біз цирк қызметіне рұқсат етуді қарастырдық. Сондай-ақ, қазіргі таңда мүлде жабық тұрған бизнес түрлеріне "Ashyq" бағдарламасы арқылы жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесі талқыланып жатыр. Олар: боулингтер, компьюьтерлік клубтар және бұқаралық спорт сайыстарымен байланысты қызмет түрлері", - деді Қиясов онлайн баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер жоғары оқу орындарын ашуға қатысты да түсініктеме берді.

"Біз білім министрлігімен бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Алдын ала тон пішпейік. Бұл бағытта жұмыс жүруде", - деді ол.

Сонымен қатар, Қиясов Қазақстанда карантинді толығымен алып тастауға қатысты да пікір білдірді.

"Қазір карантинді толығымен алып тастау туралы айту ерте. Бірақ, бұл үшін барлық өңір кем дегенде "жасыл" аймақта болуы қажет. Ал мұндай жағдай  вирус жұқтыру 100 мың тұрғынға шаққанда 25-тен аспаған кезде болатынын білесіздер. Таралу коэффициенті де 1-ден төмен болуы тиіс. Бұл біз назарға алатын болжамды критерийлердің бірі", - деді вице-министр.

Бұдан бөлек, халықтың ұжымдық иммунитеті кем дегенде 50-60%-ті құрауы керек екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды 

Эпидемиологиялық жағдай матрицаға сүйенсек, соңғы екі апта бойы Қазақстан "жасыл" зонада тұр.

"Қызыл" аймақ бос, "сары" аймақта бес өңір – Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстары. Қалған өңірлер "жасыл" аймаққа кірген.

Жаңалықтар
0