Инфографика

2021 жылы күн мен ай қашан тұтылады

Жазылу
2021 жылы екі рет күн, екі рет ай тұтылады. Ол қашан болады және Қазақстанда қайсысы көрінетінін Sputnik инфографикасынан көріңіз

2021 жылы алдымен ай тұтылады. Бұл 26 мамырға тура келеді. Алайда Қазақстанда оның ешқандай фазасы көрінбейді, себебі ай құбылыс аяқталғаннан кейін көтеріледі.

Ал 10 маусымда күн сақина тәрізді тұтылады. Сақина тәрізді фаза жолағы Солтүстік Америкада, Мұзды мұхитта, содан кейін Ресейдің солтүстік-шығыс аймағында, Чукотка бойымен өтеді.

Үшінші тұтылу 19 қарашада болады. Айдың жартылай тұтылуы Қазақстанның барлық аумағында, әсіресе солтүстікте жақсы көрінеді.

Төртінші тұтылу желтоқсанға тура келеді. 4 желтоқсанда күн толық тұтылады. Оның фаза жолағы Тынық және Атлант мұхиты суынан, сондай-ақ Антарктикадан өтеді.

"Толық фаза көп болса екі минутқа созылады. Мұзды құрлық зерттеушілері оны көре алады. Ал Қазақстан аумағы мен жалпы Еуразиядағыларға бұл жолы ештеңе көрінбейді", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Андрей Солодовник.

Жаңалықтар
0