Экономика

Теңге қымбаттады: ұлттық валюта бағамы қандай

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТабло курса валют со знаком доллара
Табло курса валют со знаком доллара - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Ақпан айында мұнай 55 доллардан сатылып, бұл өткен жылдың ақпан айындағы ең жоғарғы баға көрсеткішіне жетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы төмендеді. KASE биржасындағы күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 414,94 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметі бойынша, 23 ақпанда Алматыдағы валюта айырбастау орындарында бір доллар 415,90 теңгеден сатылып, 414,35 теңгеге сатып алған. Ал, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастайтын пунктерде АҚШ доллары орта есеппен 415,71 теңгеден сатып алынды. Сату бағасы -  414,66 теңге. Шымкентте долларды сату құны 414,50 теңге болса, сатып алу бағасы 416 теңге шегінде болған.

Бұған дейін Қазақстан экономистері ұлттық валютаның нығаюына энергетика нарығында мұнай бағасының қымбаттауы әсер еткенін айтқан болатын. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 50 доллардан арзандамай тұр.

Ақпан айында мұнай 55 доллардан сатылып, бұл өткен жылдың ақпан айындағы ең жоғарғы баға көрсеткішіне жетті.

Жаңалықтар
0