Қоғам

Қазақстандықтардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуына шектеу енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевТұрғын үй құрылысы
Тұрғын үй құрылысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу мен оның қолжетімділік сатысына сәйкес баспананы кезекке қою күні бойынша бөлу бір орталықтан жүзеге асырылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына тек бір-ақ рет қатыса алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, "Отбасы банкі" базасында "Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық" құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес баспананы кезекке қою күні бойынша бөлуді бір орталықтан жүзеге асырады.

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың" базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады", – деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Министрдің ақпаратынша, биыл 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Мемлекеттік инвестиция есебінен кезекте тұрған 31,3 мың адамға қолдау көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты

22,5 мың (1,3 миллион шаршы метр) әлеуметтік баспана салынып, сатып алынады және кезекте тұрғандарға 8,8 мың жеңілдетілген қарыз беріледі.

 

Жаңалықтар
0