Қоғам

Алматы облысында Қытайдан келген қазақтарға жалған құжат жасаған топ анықталды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиЧеловек заполняет бланк
Человек заполняет бланк - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары

АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Алматы облысында Қытайдан келген азаматтарға Қазақстанда әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжат дайындаған топ анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Қытай халық республикасынан келген Қазақстан Республикасы азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжат дайындаумен және өткізумен айналысатын топты анықтады", - делінген қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратында.

Тексеру барысында Қытай халық республикасының әртүрлі ұйымының мөрі, нотариустың мөрі мен қолы қойылған бланкілер, қағаз кесуге арналған станок және әртүрлі жалған құжаттар (еңбек кітапшасы, туу туралы куәлік және неке туралы куәлік) жасалған басқа да заттар табылды және қолданыстан шығарылды. 

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0