Оқиға

Алматы облысында апаттан 2 адам көз жұмды - оқиға орнында түсірілген видео

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 38-ші шақырымында болған. Полиция тергеу басталғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Алматы облысында Ават ауылына жақын маңдағы тасжолда жол апаты болып, екі адам көз жұмды. Бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып жатыр.

Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 38-ші шақырымында Kia Rio және Toyota Carina көлігі соқтығысқан. 

Облыстық полиция департаменті оқиға орнында 28 жастағы әйел көз жұмғанын хабарлады. Ауруханаға барар жолда көліктердің бірінің жүргізушісі қайтыс болды. Есік қаласының дәрігерлері "жедел жәрдеммен" жеткізілген екінші көліктің 54 жастағы жүргізушісінің өмірін сақтап қалуға тырысуда.

Алдын ала болжам бойынша, Kia Rio көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Carina автокөлігімен соқтығысқан.

Полицияда хабарлағандай, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiкті пайдалану қағидаларын бұзудың абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы") бойынша тергеу басталды.

Жаңалықтар
0