Әлем

Қайтыс болған донорлардың жүрегі алғаш рет балаларға салынды

© Sputnik / Дәурен Ерболат Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастады
 Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Британдық мамандар қайтыс болған адамдардың жүрегін өмірі қыл үстінде тұрған науқас балаларға ауыстырып, оларды аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ұлыбританияда дәрігерлер жүрек трансплантациясының жаңа әдісі арқылы 12 мен 16 жас аралығындағы 6 баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлады "Хабар 24".

Ғалымдар қайтыс болған донорлардың жүрегін балаларға салған. Мұндай операция жер бетінде алғаш рет жасалып отыр. Мамандар донорлық жүректі залалсыздандырылған камераға орнатып арнайы құрылғыға қосу арқылы сақтап қалған. Ал оның қағысын бір қалыпты ұстау үшін 1 жарым литр қанды оттекпен қанықтырған.

Оқи отырыңыз: Елімізде алғаш рет науқасқа жасанды жүрек салынды 

Кейін қашықтан басқару пульты арқылы қанды кез келген уақытта жүгіртіп отырады. Бұл инновациялық технология арқылы британдық мамандар қайтыс болған адамдардың жүрегін өмірі қыл үстінде тұрған науқас балаларға ауыстырып, оларды аман алып қалды.

Жаңалықтар
0