Өңірлер

"Жіберме ананы!": қостанайлық бойжеткеннің оқыс әрекеті видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневТұрғын үй балконы
Тұрғын үй балконы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
Полиция капитаны Әлмағамбетов пәтерге көтерілгенде, лейтенант Жүсіп сыртта тұрып, бойжеткенді қауіпті әрекет жасамауға үндеген

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. 20 ақпан күні сағат 20.30 шамасында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген полиция қызметкері Мұрат Әлмағамбетов пен Нұрдәулет Жүсіп үйдің 5-қабатындағы балконнан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлайды жергілікті Аlau.kz басылымы.

Оны райынан қайтару мақсатында полиция капитаны Әлмағамбетов пәтерге көтерілгенде, лейтенант Нұрдәулет Жүсіп сыртта тұрып, бойжеткенді қауіпті әрекет жасамауға үндеген. 

"Балконның сыртында тұрып, секіргелі тұрған қызды тәртіп сақшысы пәтерге кіргізіп, жедел жәрдем шақырды. Күйзеліске түсіп, қатты мазасызданған бойжеткен біршама уақыттан кейін өз-өзіне келді", – делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, ол отбасылық жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Тәртіп сақшылары мен сала мамандары 26 жастағы бойжеткенмен тиісті деңгейде әңгіме жүргізді.

Аталған факті бойынша "102" пультіне өзге хабарламалар түскен жоқ.

Оқи отырыңыз: Полиция балконда ән айтатындарға ескерту жасады

Қостанай қалалық полиция басқармасының "Оңтүстік" жергілікті полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Мұрат Әлмағамбетов 2006 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Ал полиция лейтенанты Нұрдәулет Жүсіптің бұл саладағы еңбек өтілі 5 жылдан асады.

Жаңалықтар
0