АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Орал-Атырау тасжолында жол апаты болып, алты адам көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota және Lada Priora автокөлігі соқтығысқан.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Алты адам оқиға орнында көз жұмды, бір адам ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жолда көру мүмкіндігі нашарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
© Photo : Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсындыАпатқа ұшыраған көліктің іші
Апатқа ұшыраған көліктің іші
© Photo : Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынды
Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 345-бабы "көлікті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеу басталды.