Өңірлер

Теміртауда министрлікті алаңдатқан видео пайда болды

© Скрин с видеоҚызғылт түтін
Қызғылт түтін - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Жазылу
Шығарындылардың рұқсат етілген нормадан асып кетуіне байланысты кәсіпорынға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. 19 ақпан күні әлеуметтік желіде "АрселорМиттал Теміртау" мекемесіне тиесілі кәсіпорында ауаны ластаушы заттар шығарындыларының видеосы жарияланды.

Бұған дейін еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жоспардан тыс тексеру жүргізілетінін хабарлаған. Ал оған видеодағы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының рұқсат етілген нормадан асып кетуі себеп болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Ал министрлік кәсіпорынның №2 конвертеріндегі газды алғашқы тазартудағы үрлеу кезінде қысымдық-скруббер қабырғаларына жабысқан шаң құлағанын айқындады. Осыдан кейін балқыту процесі дереу тоқтатылды.

"Экология министрлігі аймақтағы азаматтардың экологиялық ахуалға алаңдаушылығын назарға алды. Мұндай фактілерге қатысты жедел шаралар қолданылады", – делінген ведомство хабарламасында.

Тексеріс нәтижелері көпшілікке жария етілетін болады.

Оқи отырыңыз: Семейде қара қар жауды: тұрғындар наразылық білдірді

Жаңалықтар
0