Оқиға

Алматыда тағы бір банктің топ-менеджерлері ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2021
Жазылу
Қаржы мониторингі агенттігі жуырда ғана Tengri Bank-тің топ-менеджерінің бірі қамауға алынғанын хабарлаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қаржылық мониторингі агенттігі Delta Bank-тің үш топ-менеджері, оның ішінде директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалғымбаева мен басқарма төрағасы Нұрбол Самзаев және басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатпаева қамауға алынғанын растады.

"Бұл адамдарды ұстау фактісін растаймыз. Басқа ақпарат тергеу мүдделеріне сай жария етілмейді", – деді Sputnik Қазақстанға қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Telegram желісінде банк басшылығының ұсталғаны туралы хабар тараған. 

Айта кетейік, жуырда ғана қаржы мониторингі агенттігі Tengri Bank-тің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Ержан Шәйкеновтің қамауға алынғанын хабарлаған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір банк лицензиясынан айырылды

2020 жылдың қарашасында "Tengri Bank" АҚ бұрынғы топ-менеджеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны мәлім болған. Ол 5,4 млрд. теңгеден астам сомадағы банк қаражатын жымқыру фактісімен күдікке ілінген.

Жаңалықтар
0